
Рахметова Тұрсынкүл Әмірәліқызы
ауылдық мәдениет үйінің директоры
Өмірбаян
Рахметова Тұрсынкүл Әмірәліқызы 1965 жылы сәуір айының 18-і күні Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Құмжиек ауылында дүниеге келген.1972 жылы № 92 орта мектепке бірінші сыныпқа қабылданды. 1982 жылы осы мектепті бітіріп ауыл шаруашылығы өндірісіне жұмысқа қалдырылды. 1984 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы педагогика институтының музыка факультетінің дайындық курсына түсіп, 1985 жылы аталмыш оқу орнының музыка факультетіне қабылданып 1989 жылы бітіріп шықты.
Еңбек жолын 1982 -1983 жылдар аралығыында Құмжиек аулында жұмысшы. 1989-1995 жылдар Сырдария ауданы, Сұлутөбе ауылындағы музыка мектебі мұғалімі. 1996-2013 жылдар № 41 орта метепте музыка пәні мұғалімі. 2013-2015 жылдар Қызылорда қаласына қарасты Бірқазан ауылындағы №145 орта мектепте педагог ұйымдастырушы. 2015-2016 жылдар Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты 1 Мамыр ауылындағы №40 орта мектепте музыка пәні мұғалімі. 2016 жылдан бастап Сұлутөбе ауылдық мәдениет үйінде директор қызметін атқарып келеді.Отбасылы 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.