Бөлім басшысы
Ұйымдастыру және шаруашылық бөлімінің басшысы
Иманов Нариман Маратович Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Ақмая ауылында 08.08.1990 жылы дүниеге келген. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылында 1997 жылы №49 орта мектепке қабылданып, 2008 жылы бітіріп шықты. 2008 жылы Қызылорда қаласында «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің колледжіне түсіп, заңгер мамандығы бойынша 2010 жылы бітірген. 2011 жылы «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығына түсіп, құқықтану мамандығы бойынша 2014 жылы бітірген.