Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті әкімінің аппараты
Әкімдік жайлы
«Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шиелі кенті әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамассыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-ovredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады. Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз. Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді. Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту. Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін. Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.
«Шиелі ауданы, Шиелі кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 24/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Шиелі ауданы, Шиелі кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 24/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ: «Шиелі ауданы, Шиелі кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 24/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6337 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде: 2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті өзін-өзі басқару органы; 3) жергілікті маңызы бар мәселелер – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының тыныс-тіршілігін тікелей қамтамасыз ету мәселелері, оларды шешуді әкім және (немесе) жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 3-4-тармақпен толықтырылсын: «3-4. Жергілікті қоғамдастық жиналысын ұйымдастыру және тарату туралы шешімді жергілікті қоғамдастық жиыны Заңға сәйкес қабылдайды.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі: бағдарламалық құжаттардың, Шиелі кентіжоспарларының жобаларын талқылау және қарау; Шиелі кентібюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу; аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда,Шиелі кентібюджетін түзетуді келісу; Шиелікентінің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегіШиелі кенті әкіміаппаратының шешімдерін келісу; Шиелі кентібюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру; Шиелі кентібюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау; Шиелі кентініңкоммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайлардаШиелі кенті аумағынакарантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау; «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабының 6-тармағында көзделген жағдайлардаодан әрі ілгерілету үшінШиелі кентіәкімі лауазымынаауданәкімі ұсынған кандидатураларды келісу; Шиелі кентіәкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау; жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиістіШиелі кенті аумағындаорналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу; жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.»; мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: «11-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысын жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің талқылауға және шешімдер қабылдауға қатысуын қамтамасыз ететін цифрлық объектілерді пайдалана отырып өткізуге жол беріледі.». 2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанкүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарияланды:
НҚА жобасы
«Шиелі кентінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 39/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Шиелі кентінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 39/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Шиелі аудандық мәслихатының «Шиелі кентінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №39/2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1.Шиелі кентінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 992 395 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 531 602 мың теңге; салықтық емес түсімдер-275 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0; трансферттер түсімі – 460 518 мың теңге; 2) шығындар – 1 065 834,5 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0; бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0; қаржы активтерін сатып алу - 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0; бюджет тапшылығы (профициті) – -73 439,5 мың теңге; бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 73 439,5 мың теңге; қарыздар түсімі - 0; қарыздарды өтеу - 0. бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары –73 439,5 мың теңге. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні шешіміне 1-қосымша Шиелі кентінің 2026 жылға арналған бюджеті Санаты Сомасы, мың теңге Сыныбы Кіші сыныбы Атауы 1. Кірістер 992 395 1 Салықтық түсімдер 531 602 01 Табыс салығы 330 000 2 Жеке табыс салығы 330 000 04 Меншікке салынатын салықтар 197 402 1 Мүлікке салынатын салықтар 8 200 3 Жер салығы 2 500 4 Көлік кұралы cалығы 186 672 5 Бірыңғай жер салығы 30 05 Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын ішкі салықтар 4 200 3 Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер 4 000 4 Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар 200 2 Салықтық емес түсімдер 275 01 Мемлекеттік меншігінен түсетін кірістер 250 5 Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 250 04 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталынатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 25 1 Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталынатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 25 5 Трансферттердің түсімдері 460 518 02 Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 460 518 3 Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер 460 518 Функционалдық топтар Сомасы, мың теңге Функцияналдық кіші топтар Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлері Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) Атауы 2. Шығындар 1 065 834,5 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 268 531 1 Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар 268 531 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 268 531 001 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 261 031 022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 7 500 07 Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық 619 852 3 Елді-мекендерді көркейту 619 852 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 619 852 008 Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру 271 852 009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 209 000 011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 139 000 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 103 310 1 Мәдениет саласындағы қызмет 103 310 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 103 310 006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау 103 310 12 Көлік және коммуникация 73 812 1 Автомобиль көлігі 73 812 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 73 812 045 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу 73 812 15 Трансферттер 329,5 1 Трансферттер 329,5 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 329,5 048 Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару 329,5 3. Таза бюджеттік кредит беру 0 4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 5. Бюджет тапшылығы (профициті) -73 439,5 6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 73 439,5 8 Қарыздар түсімі 0 16 Қарыздарды өтеу 0 9 Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 73 439,5 01 Бюджет қаражатының қалдықтары 73 439,5 1 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 73 439,5