Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    .«Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамсыз етуліуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекеме болып табылады.

    «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

    1) Бестам ауылдық округі әкімінің аппаратының «Бестам» ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

    «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Бестам ауылдық округінде атқарылған жұмыстар есебі

    Бестам ауылдық округі әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік -экономикалық жағдайларын жақсартуға, алға қойған міндеттері мен тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында жұмыстар атқарып келеді. Әлеуметтік сала. Бүгінгі таңда округте 347 отбасы, 2067 адам тұрады. Ауылдық округтегі 300 орындық №205 орта мектебінде 62-оқытушы, 45-кіші қызметкерлер жұмыс жасайды. Білім алатын оқушылар саны - 383. Мәдениет Бестам ауылдық клуб үйінде-4 қызметкер, 5 кіші қызметкер және клуб үйінде орналасқан ауылдық кітапханада-1 қызметкер жұмыс атқарады. Ауылдық клуб үйі аудандық мәдениет үйімен бірлесе отырып жасалған мәдени-көпшілік іс - шаралар негізінде жұмыс жасайды. Медицина саласы. Бестам дәрігерлік амбулаториясында – 1 дәрігер, 6 кіші медецина қызметкері, 3 техникалық қызметкер халыққа қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда 2025 жылдың 3 қаңтар айында жаңа емхана пайдалануға берілді. Спорт Бестам ауылындағы спорт кешені 2018 жылы ауыл тұрғыны жеке кәсіпкер Қозыбаев Баймұхамед мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында құрылысын жүргізіп, пайдалануға берілді. Негізгі бағыты: ауыл жастарын спортпен шұғылдандыру. Сауықтыру кешенінде күрес, таэквандо жаттығу залы орналасқан. Қазіргі таңда 4 топта 72 оқушы күреспен, 72 оқушы таэквандомен жаттығады. Мешіт Бестам елді мекеніндегі 2012 жылы «Досман қажы» атындағы мешіт үйі пайдалануға берілген. Мешіт имамы Бегалиев Серікбай. Бала-бақша Елді – мекен бойынша «Аружан» жеке балалар бақшасы жұмыс жасайды. Балабақшада 4 топта 80 бала тәрбиеленуде. Ауыз су саласы. Бестам елді мекеніндегі су қоймасы 2012 жылы пайдалануға беріліп елді-мекен ауыз сумен толық қамтылған. Кәсіпкерлік Ауылдық округте 48 кәсіпкерлік субьектісі бар. Ауылшаруашылық Бестам ауылында 2369 ірі қара, 828 жылқы, 36 түйе, 983 қой – ешкі, үй құстары-300 бас тауық есепте бар. Бестам ауылдық округі бойынша 4875 гектар ауылшаруашылық жері бар. Округте 3 іріленген «Ақниет-2», «Алтын дән», «Бестам елі» шаруа қожалығы, 8 жанұялық шағын шаруа қожалықтары ауылшаруашылығы жұмыстарымен айналысады. Салық 2025 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 15 млн 703 мың теңге салық түсімі түсірілді, ондағы мүлік салығы 285,677 мың теңге, көлік салығы 3 млн.958 мың, табыс салығына – 11 млн. 459 мың теңге меже берілді. Меже жоспар бойынша орындалды. Бестам ауылдық округінде атқарылған - жұмыстардың қорытындысы жайлы АНЫҚТАМА - 2025 жылдың қаңтар айында Бестам ауылдық округінде ел тұрғындарының игілігі үшін «Бестам» дәрігерлік амбулаториясы берілді. - Бестам ауылдық округінде елді мекенді абаттандыру және көркейту-көгалдандыру бойынша жұмыстар атқарылуда. - Санитарлық–тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына – 12 азамат қабылданды. - Елді–мекендегі аяқ су тапшылығын болдырмау мақсатында Р-12-6 каналы тазаланды. Қазіргі таңда каналдың табанын толық бетондау мақсатында кәсіпкерлер есебінен сметалық құжаттары дайындалуда. - Елді–мекен бойынша электр энергиясының сапасы төмен болуы, трансформаторлардың және электр желілерінің тозығы жетуіне байланысты, осы орайда жаңадан электр бағаналары мен электр желілері ауыстырылып, трансформаторлар орнату жұмыстары жүргізілді. - Елді – мекендегі «Бестам» клубының құрылысы 2024 жылы басталып, ағымдағы жылдың 2025 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. - Бестам ауылының кіре-беріс жеріне «Арка» орнатылды. Бестам елді мекенінің алдағы уақытта жоспарланған жұмыстары - Ауыл ішілік көшелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу./1,5 шақырым/. - Балалар ойын алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. - Елді-мекендегі Ә.Әбуов, Тәуелсіздік көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу. - Елді-мекенге тұрғындар игілігі үшін автобус аялдамаларын орнату /6 дана/.

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы «Бестам ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» №39/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы «Бестам ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» №39/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы«Бестамауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» №39/8 шешімін іске асыру туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) кірістер –79 737мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер –13 184мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0; трансферттер түсімі –66 553мың теңге; 2) шығындар – 84 738,3мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу-0; бюджеттік кредиттер - 0; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0; қаржы активтерін сатып алу - 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) –-5001,3мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –5001,3мың теңге; қарыздар түсімі –0; қарыздарды өтеу - 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –5001,3мың теңге; 2. Аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. Осы шешім2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні

    Жарияланды: