Бестам ауылдық округі әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік -экономикалық жағдайларын жақсартуға, алға қойған міндеттері мен тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында жұмыстар атқарып келеді.
Әлеуметтік сала.
Бүгінгі таңда округте 347 отбасы, 2067 адам тұрады. Ауылдық округтегі 300 орындық №205 орта мектебінде 62-оқытушы, 45-кіші қызметкерлер жұмыс жасайды. Білім алатын оқушылар саны - 383.
Мәдениет
Бестам ауылдық клуб үйінде-4 қызметкер, 5 кіші қызметкер және клуб үйінде орналасқан ауылдық кітапханада-1 қызметкер жұмыс атқарады. Ауылдық клуб үйі аудандық мәдениет үйімен бірлесе отырып жасалған мәдени-көпшілік іс - шаралар негізінде жұмыс жасайды.
Медицина саласы.
Бестам дәрігерлік амбулаториясында – 1 дәрігер, 6 кіші медецина қызметкері, 3 техникалық қызметкер халыққа қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда 2025 жылдың 3 қаңтар айында жаңа емхана пайдалануға берілді.
Спорт
Бестам ауылындағы спорт кешені 2018 жылы ауыл тұрғыны жеке кәсіпкер Қозыбаев Баймұхамед мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында құрылысын жүргізіп, пайдалануға берілді. Негізгі бағыты: ауыл жастарын спортпен шұғылдандыру. Сауықтыру кешенінде күрес, таэквандо жаттығу залы орналасқан.
Қазіргі таңда 4 топта 72 оқушы күреспен, 72 оқушы таэквандомен жаттығады.
Мешіт
Бестам елді мекеніндегі 2012 жылы «Досман қажы» атындағы мешіт үйі пайдалануға берілген. Мешіт имамы Бегалиев Серікбай.
Бала-бақша
Елді – мекен бойынша «Аружан» жеке балалар бақшасы жұмыс жасайды. Балабақшада 4 топта 80 бала тәрбиеленуде.
Ауыз су саласы.
Бестам елді мекеніндегі су қоймасы 2012 жылы пайдалануға беріліп елді-мекен ауыз сумен толық қамтылған.
Кәсіпкерлік
Ауылдық округте 48 кәсіпкерлік субьектісі бар.
Ауылшаруашылық
Бестам ауылында 2369 ірі қара, 828 жылқы, 36 түйе, 983 қой – ешкі, үй құстары-300 бас тауық есепте бар.
Бестам ауылдық округі бойынша 4875 гектар ауылшаруашылық жері бар.
Округте 3 іріленген «Ақниет-2», «Алтын дән», «Бестам елі» шаруа қожалығы, 8 жанұялық шағын шаруа қожалықтары ауылшаруашылығы жұмыстарымен айналысады.
Салық
2025 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 15 млн 703 мың теңге салық түсімі түсірілді, ондағы мүлік салығы 285,677 мың теңге, көлік салығы 3 млн.958 мың, табыс салығына – 11 млн. 459 мың теңге меже берілді. Меже жоспар бойынша орындалды.
Бестам ауылдық округінде атқарылған
- жұмыстардың қорытындысы жайлы
АНЫҚТАМА
- 2025 жылдың қаңтар айында Бестам ауылдық округінде ел тұрғындарының игілігі үшін «Бестам» дәрігерлік амбулаториясы берілді.
- Бестам ауылдық округінде елді мекенді абаттандыру және көркейту-көгалдандыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
- Санитарлық–тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына – 12 азамат қабылданды.
- Елді–мекендегі аяқ су тапшылығын болдырмау мақсатында Р-12-6 каналы тазаланды. Қазіргі таңда каналдың табанын толық бетондау мақсатында кәсіпкерлер есебінен сметалық құжаттары дайындалуда.
- Елді–мекен бойынша электр энергиясының сапасы төмен болуы, трансформаторлардың және электр желілерінің тозығы жетуіне байланысты, осы орайда жаңадан электр бағаналары мен электр желілері ауыстырылып, трансформаторлар орнату жұмыстары жүргізілді.
- Елді – мекендегі «Бестам» клубының құрылысы 2024 жылы басталып, ағымдағы жылдың 2025 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.
- Бестам ауылының кіре-беріс жеріне «Арка» орнатылды.
Бестам елді мекенінің алдағы уақытта жоспарланған жұмыстары
- Ауыл ішілік көшелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу./1,5 шақырым/.
- Балалар ойын алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
- Елді-мекендегі Ә.Әбуов, Тәуелсіздік көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.
- Елді-мекенге тұрғындар игілігі үшін автобус аялдамаларын орнату /6 дана/.