
Қызметкерлер
Бекмамбетов Мұратбек Тоқтамұратұлы
Басықара ауылдық округінің әкімі
Бекмамбетов Мұратбек Тоқтамұратұлы 1968 жылы 25 қарашада Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жаңақазалы қыстағында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1976 жылы №18 сегіз жылдық мектеп табалдырығын аттап, 1986 жылы №17 қазақ орта мектебін бітірді. 1989-1991 жылдары Шымкент кооператив техникумның Қызылорда филиалында "Бухгалтерлік есеп шаруашылық" факультетіне оқуға түсіп, "Есепші" мамандығы бойынша бітіріп, 2006-2009 жылдары Қызылорда қаласындағы "Болашақ" университетінің "Экономика" мамандығы бойынша бітіріп шықты.