
Бекмамбетов Мұратбек Тоқтамұратұлы
Басықара ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Бекмамбетов Мұратбек Тоқтамұратұлы 1968 жылы 25 қарашада Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жаңақазалы қыстағында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1976 жылы №18 сегіз жылдық мектеп табалдырығын аттап, 1986 жылы №17 қазақ орта мектебін бітірді. 1989-1991 жылдары Шымкент кооператив техникумның Қызылорда филиалында "Бухгалтерлік есеп шаруашылық" факультетіне оқуға түсіп, "Есепші" мамандығы бойынша бітіріп, 2006-2009 жылдары Қызылорда қаласындағы "Болашақ" университетінің "Экономика" мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолын 1986 жылы Қазалы аудандық тұтынушылар кооперациясының жұмысшы болып бастаған. 1991-1999 жылдары Қазалы аудандық тұтынушылар кооперациясында есепші, сауда жөніндегі орынбасары, нан зауытының өндіріс меңгерушісі, аға бухгалтері, 1999-2013 жылдар аралығында Бір жолғы алым жинау орталығының маманы, бас маманы, орталық директоры, «Асхат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары болып қызмет атқарды.
2013 жылдың 29 тамызынан бастап 2019 жылдың 1 қазанына дейін Қазалы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры болып қызмет атқарды.
2019-2023 жылдары Басықара ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.
Сайлау өткізілуіне байланысты қайта сайланып, 2023 жылдық сәуір айынан бастап осы кезге дейін Басықыра ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарып келеді.