Қарақұм ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Арал ауданы «Қарақұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарақұм ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

    Мемлекеттік органның толық атауы – Арал ауданының «Қарақұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Арал ауданы «Қарақұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы Арал ауданы Қарақұм ауылдық округінің аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

    Функционалдық міндеттері: Арал ауданы Қарақұм ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Бюджет

    «2026-2028 жылдарға арналған Қарақұм ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 470 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «2026-2028 жылдарға арналған Қарақұм ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 470 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «2026-2028 жылдарға арналған Қарақұм ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 470 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2026-2028 жылдарға арналған Қарақұм ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1)кірістер – 110 071,6 мың теңге; салықтық түсімдер – 10 865 мың теңге; салықтық емес түсімдер- 1 000 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0; трансферттер түсімі – 98 206,6 мың теңге; 2) шығындар – 110 913,2 мың теңге; таза бюджеттік кредиттеу – 0; бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0; қаржы активтерін сатып алу - 0; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0; бюджет тапшылығы (профициті) – - 841,6 мың теңге; бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 841,6 мың теңге.». қарыздар түсімі -0; қарыздарды өтеу -0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтар – 841,6 мың теңге. Аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. Арал аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Турахметов

    Жарияланды: