"ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР"

    1 / 3

    "ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР"

    Қарақұм елді мекенінде 1 қазан Қарттар күніне орай «Қарты бар елдің қазынасы бар» атты мерекелік шара өтті. Шара шымылдығы ауыл әкімі Асқар Нұралыұлының құттықтау сөзімен ашылып, ауыл қарияларына мерекеге орай "Алғыс хаттар" табыстады. Ақ жаулықты әжелері мен ақ сақалды аталарымыздың басын қосқан бұл күн жылылық пен шынайы құрметке толы болды. Шара аясында ардақты қарияларымызға арналып ауыл кәсіпкерлерінің дайындаған мерекелік ақ дастархан жайылып, әсем әндер шырқалды. Сонымен қатар шарада мекеме басшылары мен ақсақалдар кеңесінің төрағасы Н.Сақтағанов және ауыл кәсіпкерлері құттықтау лебіздерін білдірді. Қазыналы қарттарымыз өткен күннен естеліктер бөлісіп, әжелеріміз ән шырқап, жас буынға өздерінің ақ батасын берді.

    Үлкенді сыйлау – біздің басты міндетіміз! Қарттарымыздың денсаулығы мықты, ғұмыры ұзақ болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарақұм ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары