«Арқалық қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Арқалық қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық - талдау және ұйымдық-құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
«Арқалық қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясынажәне заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
«Арқалық қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.