Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Ахметов Мейрамбек Маратұлы
    Қызметкерлер

    Ахметов Мейрамбек Маратұлы

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасы

    Жалпы ақпарат, білімі М. М. Ахметов 1983 жылы 7 қараша айында Целиноград облысында дүниеге келген. 2005 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заң бакалавры» мамандығы бойынша, 2016 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды ​​экономикалық университетін «экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мансап Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «ВТТИСА орталығы» РМК бас маманы болып бастады. 2005 – 2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің бас маманы және бас сарапшысы болып жұмыс істеді. 2009 жылғы ақпаннан 2013 жылғы қыркүйекке дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, Заң департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 2013 жылғы қыркүйектен 2016 жылғы қыркүйекке дейін Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі. 2016 жылдың қыркүйегінен 2023 жылға дейін Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының заң департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2023 жылғы қарашадан 2024 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының басшысы. 2025 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

    Қазақбаев Самат Қосайұлы
    Қызметкерлер

    Қазақбаев Самат Қосайұлы

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары

    Қазақбаев Самат Қосайұлы 1977 жылы 26 маусымда Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы Ақалтын ауданында дүниеге келген. 1999 жылғы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2004 жылғы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік Университетінде тау-кен инженері мамандығы бойынша білім алып шыққан. Сонымен қатар 15.10.2016 жылы «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлеріне 20 жыл» медалімен, 04.07.2017 жылы «III дәрежелі Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталған.

    Жүніс Сәкен Рысқұлбекұлы
    Қызметкерлер

    Жүніс Сәкен Рысқұлбекұлы

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары

    Жүніс Сәкен 1992 жылғы 25 шілдеде Жамбыл облысында дүниеге келген. Білімі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті — техника және технологиялар бакалавры; М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті — құқық бакалавры; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы — экономика магистрі.

    Управления

    5