Қарағанды облысының ветеринария басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысы аймақта жануарлардың аса қауіпті ауруларынан эпизоотиялық тұрақтылықты және тамақ қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында ветеринария саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру қызметіне бағытталған.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Анықтама

    «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтамасы

    «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы»мемлекеттік мекемесінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралыталдамалық анықтамасы Қарағанды қ-сы 2026 жылдың 26 маусымы Кіріспе бөлім Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес келесі жұмыс тобының құрамында: Басшы орынбасары – жұмыс тобының төрағасы - К.С. Турсынбековпен; Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман - А.У. Оспановпен; ТЖ туындаған кезде іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, ветеринариялық есептілікті қалыптастыру бөлімінің бас маманы - А.А. Утеулинамен; Қарағанды облысының ветеринария басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-ішкі талдау) жүргізілді. Ішкі талдау басқарма басшысының 2026 жылғы 12 мамырдағы №51 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді: 1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Оның ішінде: - персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау; - мүдделер қақтығысын реттеу; - мемлекеттік қызметтер көрсету; - рұқсат беру функцияларын іске асыру; - бақылау-тексеру функцияларын іске асыру; - бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу; - жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу; - ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану; - талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер. «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Мемлекеттік мекеме басшысының 2026 жылғы 12 мамырдағы № 51 бұйрығы негізінде 2026 жылғы 18 мамыр мен 26 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау, Басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың 2025 жыл және 2026 жылдың бес айындағы жұмыс кезеңін қамтыды. Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілді. «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне қатысты құқықтық актілерде, ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Құқықтық актілерде анықталған тәуекелдер саны 4 (бірлік), ішкі құжаттарда 0 (бірлік). Сипаттама бөлімі: Басқарма өз жұмысында Бюджет кодексін, ҚР Еңбек Кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексін, ҚР Әкімшілік процессуалдық-рәсімдік кодексін, «Ветеринария туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» және ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Талдау барысында Басқарма туралы ереже, ведомстволық бағынысты ұйымдардың Жарғысы және мамандардың лауазымдық нұсқаулықтары зерделенді. Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен шарттар анықталған жоқ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда (бұдан әрі-Заң) және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі-Қағидалар) дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы тұрғысынан жүргізілген ішкі талдау келесілер анықтады: 1). Заңға және Қағидаларға сәйкес, мемлекеттік сатып алу саласындағы барлық жұмыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталының платформасында жүзеге асырылады (мекенжайы: www.goszakup.gov.kz). 2.) Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету шеңберінде, мемлекеттік сатып алудың 100% - ы Заңмен электрондық форматқа ауыстырылды. Қорытынды:осылайша, баға модулін, электрондық шарттарды және мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және ашықтыққа бағытталған бірқатар басқа нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, тапсырыс берушінің тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу құқығы өнім берушімен алдын ала сөз байласу бойынша тапсырыс берушінің көрінеу көтерген бағасы бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін қамтиды. Осы мән – жайларды ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында, Басқарма тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың осы әдісін монополистермен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен-ШЖҚ КМК аудандық және қалалық ветеринариялық станциялармен жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу: мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер заңнамада белгіленген тәртіппен енгізіледі. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өнім берушілермен уақтылы шарттар жасалады. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді. Талданған кезеңде келесі сомаларда мемлекеттік сатып алудың келесі саны өткізілді: «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы»ММ Сатып алу тәсілі Саны Сомасы (мың теңге) ҚҚС есептемегенде 2025ж 2026ж 2025ж 2026ж Баға ұсыныстарын сұрату 14 7 25 406, 933 23 614,45 Алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы өткізілетін конкурс - - - - Бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен (пп.табиғи монополиялар салаларына жататын қызметтерді сатып алу 39-баптың 3-тармағы 1 тармақшасы) 3 3 3 059,47 3 148,28 Бағыныстағы ұйымдарда: Сатып алу тәсілі Саны Сомасы (мың теңге) ҚҚС есептемегенде 2025ж 2026ж 2025ж 2026г Баға ұсыныстарын сұрату 378 131 387402,1 73467,15 Алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы өткізілетін конкурс - - - - Бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен (пп.табиғи монополиялар салаларына жататын қызметтерді сатып алу 39-баптың 3-тармағы 1 тармақшасы) 88 68 34574,56 37868,05 Құқықтық актілерде, қызметті қамтитын ішкі құжаттарда анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты мыналарды ұсынамыз: ҚР 17.07.2025 ж № 213-VIII «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңындағы (бұдан әріде - Заң) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құзіреттілігі бөлігінде өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Заңның 9 бабының 1 тармағындағы (Жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыреті) келесі тармақшалары алып тасталды: 2) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды; 3) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттігін хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады; 6) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;. Көзделген өзгерістер, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді («Егемен Қазақстан» 18.07.2025ж № 134; «Казахстанская правда» 18.07.2025ж № 134 газеттерінде жарияланды). Осылайша, өзгерістер 18.01.2026 жылдан бастап күшіне енді. Заңның 25 бабының 1 тармағына сәйкес «Қаңғыбас жануарлардың санын реттеу мемлекет, жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар жануарларды стерилизациялау, жайластыру, халыққа білім беру іс-шараларын және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қаңғыбас жануарлардың санын азайту үшін қабылдайтын шаралар кешенін білдіреді.». ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 1 тармағы 4-9 тармақшасына сәйкес: «Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне: жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру кіреді;» делінген. Яғни, аталған норма ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтірілмеген. Бұл ветеринария басқармасының өз құзыретіне кірмейтін (функцияға тән емес) іс-шараларды орындауына әкеліп отыр ҚР «Ветеринария туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 10 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес, «Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау кіреді»; Заңның 12-1 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес, «Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган тоқтата тұрады». Лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, ҚР ӘҚБтК-де белгіленген санкциялардың қосымша шарасы болып табылады. ҚР ӘҚБтК 464-бабына сәйкес, жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілерінің лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін, лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген. ҚР ӘҚБтК 728-1-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар осы Кодекстің 464-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды. 2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың басшылары, олардың орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы». ҚР ӘҚБтК 729 бабының 2 бөлігіне сәйкес, 464 бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары құқылы. Осы ретте, «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ ветеринария саласындағы қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Алайда, құрылтай құжатында (Ережеде) және қолданыстағы заңнамада («Ветеринария туралы» ҚРЗ 10-бабы) ветеринария басқармасының құзыретіне хаттамаларды толтыру және әкімшілік істерді қарау кірмейді. Осылайша, заңнамада қарама-қайшылыққа жол берілуде. «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ және ведомстволық бағынысты ұйымдарда ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау Басқармада және ведомстволық бағынысты ұйымдарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық әрекетін алдыналуға, сондай-ақ басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлықтың айқындалу фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ. Жалпы ақпарат.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде, яғни 2026 жылғы 18 мамырда Басқарманың штат саны 21 бірлік, нақты саны - 21 бірлік, тұрақты бос орындар - жоқ, уақытша бос орындар - 1 бірлік. 2025 жылы барлығы 1 бірлік жұмыстан шығарылды - зейнеткерлік жасқа толуына байланысты, ал 2026 жылдың 5 айында жұмыстан шығарылған қызметшілер жоқ. Бос лауазымдарға орналасу үшін кандидаттарды іріктеуді және конкурстық рәсімдерді Қарағанды облысы әкімі Аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүргізеді. Өткізілген конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша 2025 жылы 4 мемлекеттік қызметші тағайындалды. 2026 жылы конкурс өткізілген жоқ. Ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша жағдай келесідей: Ветеринария басқармасының бағынысында «Ветеринарлық станциялар» ШЖҚ КМК нысанында ЖАО құрылған 9 ветеринарлық ұйымы бар, 4 филиалы бар. Штаттық саны 628 бірлік, оның ішінде 530 бірлік - ветеринарлық мамандар, 98 бірлік қосалқы блокты құрайды. Іс жүзiндегi саны 579 бiрлiк, 49 бiрлiктiң бос лауазымның 43 бiрлiгi салалық блок бойынша бос орындарды құрайды. Жоғары білімі бар ветеринария мамандарына қажеттілік 33 бірлікті құрады. Жалақыны арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, салалық мамандардың тапшылығы орын алып отыр. Персоналды басқаруға байланысты тәуекелдердің саны анықталмаған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау. «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі талдау анықтамасына қосымша ретінде берілген. Мүдделер қақтығысы. Жақын туыстары (ата-аналары (ата-аналары), балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде үлестес болу фактілері анықталмаған. Талдау барысында Басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызметшілері арасында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Талдау барысында 2025-2026 жылдарға арналған тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің тізімдері және мемлекеттік қызметшілер мен олардың жақын туыстарының тізімдері салыстырылды, мүдделер қақтығысын байқайтын фактілер анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Мемлекеттік қызметтер көрсетумен байланысты анықталған тәуекелдер саны 2 (екі) бірлік. Жалпы ақпарат.Басқарма қызмет барысында келесі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді: «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы, «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығы. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 02 қазандағы № 302 бұйрығы. «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына өзгерістер енгізу (ҚР АШМ 21.05.2015 жылғы № 7-1/453 бұйрығы). Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларының 4-тарауының 26-тармағына сәйкес (21.05.2015 жылғы № 7-1/453) КМК ветеринариялық дәрігері жануарға, өнімге немесе шикізатқа ветеринариялық тексеру жүргізеді, АШЖБ бойынша деректер базасында жануар туралы мәліметтерді тексереді, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық жай-күйіне бағалау жүргізеді және аумақтың эпизоотиялық жағдайын ескере отырып, ветеринариялық анықтама береді. Бірақта, қолданыстағы Стандартта бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын тексерудің бизнес-процесі жоқ. Ветеринариялық анықтаманы беру кезінде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысы болады, бұл портал арқылы анықтама беруді болдырмайды және сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар. Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер енгізу қажет. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР АШМ 2020 жылғы 2 қазандағы №302 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР АШМ 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығына өзгерістер енгізу жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Алайда, көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу процесінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытындыны және көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны алу жөніндегі ведомствоның аумақтық бөлімшесіне бірнеше рет жүгінеді, өйткені Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 28 қазандағы № 268-VІ «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функцияларын ведомствоның аумақтық бөлімшелері ғана жүзеге асырады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия алу кезінде бизнес-процестерді оңтайландыру үшін ведомствоның аумақтық бөлімшесін (ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары) кейіннен Қағидалардың 2-тарауының 4-тармағының 2-тармақшасына өзгеріс пен толықтыру енгізе отырып, «Бір өтініш» қағидаты бойынша бірнеше мемлекеттік қызмет көрсету негізінде лицензиар ретінде айқындауды ұсынамыз. Рұқсат беру функцияларын іске асыру. Басқарма «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 02 қазандағы №302 бұйрығына сәйкес ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензиялар береді. Талданған кезеңде Басқармаға лицензия беруге бір өтінім келіп түсті. - ПКФ «Медео» ЖШС ветеринария саласындағы қызметке 03.03.2025 ж. №25007060 1-сыныпты лицензия берілді. Лицензиялар "Е-лицензия" электрондық қызметтер порталы арқылы беріледі. «Ветеринария туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес «Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу кіреді» делінген. Талданған кезеңде 50 хабарлама келіп түсті. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру. Қолданыстағы заңнамаға және Ережесіне сәйкес «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ құзыретіне бақылау функцияларын жүзеге асыру кірмейді. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу тиісті ведомстволардың (Министрліктердің) тапсырысы бойынша жүргізіледі. Басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдар жүктелген құзіреттіліктерді іске асыру кезінде Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесі, «elicense.kz», «Itcor.kz» және «Tanba» АЖ қолданады. Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдердің саны. Жалпы ақпарат. Басқармадағы ұйымдастыру-басқару қызметі бекітілген Ережеге және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Басқармада басшылықтың жеке-дара өкімдік қызметі қағидаты қолданылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг деректеріне сәйкес талдау объектісінің қызметшілері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған. Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу. Бюджет қаражатын пайдалану қаржыландыруға сәйкес қатаң сақталады, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылау тұрақты жүзеге асырылады, сондай-ақ бюджет қаражатын жоспарлау, негізгі қаражаттың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, мемлекеттік сатып алудың сақталуы мен есептен шығарылуы, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жай-күйі, белгіленген талаптардың сақталуы мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың және ҚР басқа да құқықтық актілерінің талаптарына, алып жатқан аумақтар нормативтері, штат саны сәйкестігіне бақылау жүргізіледі. 2025 жылдың қорытындысында төрт бағдарлама бойынша: 008 «Мал қрымдарының құрылысы мен реконструкциясы (биотермиялық шұңқырлар) және оларды ұстау»; 012 «Жануарлардың энзоотиялық ауруларынын диагностикасы мен профилактикасы бойынша ветеринариялық шаралар»; 013 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша шаралар»; 014 (015) «Эпизоотияға қарсы шараларды жүргізу», 2 млрд.784,3 млн.теңге игерілді. 2026 жылға игеруге 2 млрд. 943 млн. теңге бөлінді. Игеру көлемі жыл соңында анықталатын болады. Осы бағытта, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу. Талдау мерзімінде жеке кәсіпкерлермен 64, заңды тұлғаларман 48 шарт жасалды. Бұл бағытта, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Анықталған жасырын мемлекеттік қызметтердің саны. «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығында көрсетілген жасырын мемлекеттік қызметтер Басқарманың қызметінде көрсетілмейді. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ Ұсыныстардың жалпы тізімі: ТЖ туындаған кезде іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, ветеринариялық есептілікті қалыптастыру бөлімі: - «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 10 - бабы 1-тармағының 4-9 тармақшасын алып тастау туралы негіздемемен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс жолдасын; - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР АШМ 02.10.2020 ж. №302 бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) өзгеріс енгізу бөлігінде ұсыныстар жолдасын. - Ветеринариялық құжаттарды беру Қағидаларының 4-тарауының 26-тармағына сәйкес «ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (ҚР АШМ 21.05.2015 жылғы №7-1/453 бұйрығы) өзгеріс енгізу бөлігінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныстар жолдасын; - «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына 1-сыныпты лицензияларды тоқтата тұруды, кері қайтарып алуды реттейтін нормаларды енгізу жөнінде ҚР АШМ ұсынымдар жолдасынСонымен қатар, ҚР ҚР ӘҚБтК 728-1-бабына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жолдасын; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылсын. ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҰШЕЛЕРІ Басшы орынбасары – жұмыс тобының төрағасы _________________________ Турсынбеков К.С. Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман ____________ Оспанов А.У. ТЖ туындаған кезде іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, ветеринариялық есептілікті қалыптастыру бөлімінің бас маманы ___________________________________ Утеулина А.А. Таныстым: «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ Басшы ________________________________________________ Жакетаев А.С.

    Жарияланды: