Осакаровка кентінде ветеринариялық пункт ашылды

    1 / 10

    23 қазанда Ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Осакаровка кентінде жаңа модульдік ветеринариялық пункт ашылды.

    Жаңа нысан ветеринар мамандардың жұмысын жеңілдетіп, ауыл тұрғындарына көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және малға қажетті ветеринариялық шараларды қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді.

    Жаңа нысанның жанынан 180–200 бас ірі қараға арналған арнайы қоршау да салынған.

    Енді ауыл тұрғындары малын осында өздері әкеле алады. Бұл ветеринар мамандардың әр шаруашылыққа жеке-жеке бару қажеттілігін азайтып, олардың жұмысын тиімді ұйымдастыруға жол ашады.

    Салтанатты шараға Осакаров ауданының әкімі Руслан Нурмуханбетов, ветеринариялық мамандар мен тұрғындар қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" жаңалықтары