Құрылым — Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

    Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Ақжайық ауданының әкімдігі

    Ақжайық ауданы 1997 жылы бұрынғы Чапаев және Тайпақ аудандарының біріктірілуі негізінде құрылған облыстағы ірі аудандардың бірі. Аудан Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігін алып жатыр. Аумағы - 25,7 мың шаршы км. Тұрғыны - 35680 адам. 45 елді мекеннің басым бөлігі Жайық өзенін жағалай орналасқан. Орталығы - Чапаев ауылы. Аудан құрамына 18 әкімшілік - аумақтық бөлініс - Ақжол, Ақсуат, Алмалы, Алғабас, Базартөбе, Базаршолан, Бударин, Есенсай, Жаңабұлақ, Жамбыл, Қабыршақты, Қарауылтөбе, Қурайлысай, Көнеккеткен, Мерген, Сарытоғай, Тайпақ, Чапаев ауылдық округтері кіреді. Ақжайық ауданы әкімінің аппараты аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.

    bko-akzhaik