
Ақзамов Данияр Тоқанұлы
Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы
ӨМІРБАЯН Ақзамов Данияр Тоқанұлы, 1983 жылғы 3 мамырда Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматы. 1983–1995 жылдары Семей облысы, Жарма ауданы, Мариновка ауылында тұрды. 1995–2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылында тұрды. 2002–2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Терістанбалы ауылында тұрды. 2010 жылдың қазан айынан бастап Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылында тұрады. Тіркелген және нақты тұрғылықты мекенжайы: Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Абай көшесі, 100-үй. 2002 жылы М.О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін «Шетел тілі» мамандығы бойынша, қосымша «Шағын жинақты мектепте оқыту» мамандығымен тәмамдады. Біліктілігі – негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімі. 2015 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша бітірді. Әскери қызмет атқарған жоқ, әскери міндетті. Әскери билет Шығыс Қазақстан облысының Қорғаныс істері департаментімен 2013 жылғы 15 мамырда №0776875 нөмірімен берілген. Әскери атағы – қатардағы жауынгер, әскери-есептік мамандығым – 901066-А, іс жүргізуші. Еңбек жолы: 01.09.2002 – 01.11.2010 жж. – Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Терістанбалы ауылындағы Терістанбалы негізгі мектебінің ағылшын тілі мұғалімі. Өтініш бойынша жұмыстан босатылды. 12.06.2012 – 15.08.2012 жж. – Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылындағы «Мейірім» спорттық-сауықтыру лагерінің спорт нұсқаушысы. Өтініш бойынша жұмыстан босатылды. 10.09.2012 – 15.10.2012 жж. – Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қаратөбе ауылындағы Д. Қалматайұлы атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі. Мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатылды. 17.10.2012 – 25.02.2013 жж. – Жарма ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы. 25.02.2013 – 19.07.2013 жж. – Жарма ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бас маманы. 19.07.2013 – 19.06.2014 жж. – Жарма ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы. 19.06.2014 – 01.11.2014 жж. – Жарма ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы. 01.11.2015 – 08.12.2015 жж. – Жарма ауданы әкімі аппаратының бағдарламашысы. 09.12.2015 – 17.02.2016 жж. – Жарма ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы міндетін атқарушы. 18.02.2016 – 27.08.2020 жж. – Жарма ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы. 28.08.2020 – 19.10.2021 жж. – Жарма ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы. 20.10.2021 – 01.04.2024 жж. – Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы. Өтініш бойынша қызметтен босатылды. 07.04.2025 – 03.07.2025 жж. – Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы. 03.07.2025 жылдан бастап – Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы. Отбасылық жағдайы: Үйленген. Неке қию туралы куәлік №0200053, 2004 жылғы 30 сәуірде берілген. Жұбайы – Нұрғұлова Зухра Қанатбекқызы, 1982 жылғы 27 наурызда Семей облысы, Жарма ауданы, Воронцовка ауылында дүниеге келген. 2014 жылғы 24–25 желтоқсанда туристік мақсатпен Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында болды. Отбасылық жағдайға байланысты әпкем Маканова Әсем Тоқанқызы 2021 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында тұрды. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, оның ішінде ТМД мемлекеттерінде тұрақты тұратын жақын туыстары жоқ. Әкімшілік немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған емес. Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған жоқ. Қазіргі уақытта Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы болып қызметін атқарады.




