
Канапьянов Ерзат Бияхметович
"Ақтайлақ би атындағы орта мектебі" КММ
Өмірбаян
Канапьянов Ерзат Бияхметович 20.04.1985 жылы Семей қаласында дүниеге келді. Жарма ауданы Салқынтөбе ауылы Маяковский атындағы негізгі мектебін 2000 жылын бітірді.
Канапьянов Ерзат Бияхметович 2000-2004 жылдар аралығында Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің ағылшын тілі мамандығы, 2004-2007 жылдары Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ағылшын тілі бакалавры, 2009-2011 жылдар Қазақ- инновациялық гуманитарлық-заң университетінің филология магистрі бойынша білімдерін меңгеріп оқуын тамамдады.
Алғаш еңбек жолын 2004 жылы Жарма ауданы Салқынтөбе ауылындағы «Маяковский атындағы негізгі мектебі» ММ ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде бастап, 2007-2013 жылдары Қарасу ауылындағы «Қарасу орта мектебі» ММ директоры, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін Үшбиік ауылы «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ директоры және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде жұмысын атқарып келеді.
Канапьянов Ерзат Бияхметович жоғары санатты, 12 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар мұғалім



