
Сыздыкова Ботагоз Мухамедкалиевна
Департамент басшысы
Сыздықова Ботагөз Мұхамедқалиқызы, 1967 жылғы 14 қаңтарда Қостанай қаласында дүниеге келген. 1989 жылғы 05 қыркүйектен 1995 жылғы 05 мамырға дейін Рудный қаласындағы «Фармация №70» қалалық өндірістік кәсіпорнында провизор-технолог, кейін провизор-аналитик, провизор-ақпараттандырушы болып жұмыс істеді. 1995 жылғы 05 мамырдан 1998 жылғы 08 шілдеге дейін Рудный қаласындағы «Ботагөз» жеке дәріханасының I топтағы дәріхана пунктінің меңгерушісі, кейін «Гинзенг» ЖШС директоры қызметін атқарды. 2000 жылғы 11 сәуірден 2001 жылғы 01 наурызға дейін Алматы қаласындағы Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығында кіші ғылыми қызметкер болды. 2001 жылғы 01 наурыздан 2001 жылғы 01 маусымға дейін Астана қаласындағы Денсаулық сақтау агенттігінің Дәрілік саясат департаментінің дәрілік қамтамасыз етуді үйлестіру бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болды. 2001 жылғы 01 маусымнан 2001 жылғы 28 желтоқсанға дейін Астана қаласындағы Денсаулық сақтау агенттігінің Дәрілік саясат департаментінің дәрілік қамтамасыз етуді үйлестіру бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2002 жылғы 04 ақпаннан 2003 жылғы 15 шілдеге дейін Астана қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация және фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп комитетінің дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болды. 2003 жылғы 15 шілдеден 2005 жылғы 14 қаңтарға дейін Астана қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация және фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп комитетінің дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2005 жылғы 14 қаңтардан 2006 жылғы 30 қарашаға дейін Астана қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация және фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп комитетінің дәрілік заттарды пайдалану мониторингі бөлімінің бастығы болды. 2006 жылғы 30 қарашадан 2008 жылғы 21 шілдеге дейін Шымкент қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Фармацевтикалық бақылау басқармасының бастығы, ОҚО бойынша бас мемлекеттік инспектор қызметін атқарды. 2008 жылғы 21 шілдеден 2008 жылғы 19 желтоқсанға дейін Шымкент қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитетінің ОҚО бойынша департаментінің директоры болды. 2009 жылғы 13 қаңтардан 2009 жылғы 01 сәуірге дейін Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алу және ұйымдастыру-құқықтық қызмет бөлімінің бастығы міндетін атқарушы болды. 2009 жылғы 01 сәуірден 2016 жылғы 15 шілдеге дейін Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2016 жылғы 15 шілдеден 2017 жылғы 16 қазанға дейін Астана қаласындағы Денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналық-санитариялық көмек бөлімінің бас сарапшысы болды. 2017 жылғы 16 қазаннан 2018 жылғы 04 наурызға дейін Астана қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және интеграция басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды. 2018 жылғы 05 наурыздан 2018 жылғы 13 тамызға дейін Астана қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және интеграция басқармасының бас сарапшысы болды. 2018 жылғы 14 тамыздан 2019 жылғы 23 мамырға дейін Астана қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және интеграция басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2019 жылғы 24 мамырдан 2020 жылғы 31 наурызға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын мониторингтеу және талдау басқармасының басшысы болды. 2020 жылғы 01 сәуірден 2020 жылғы 10 қыркүйекке дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік қамтамасыз ету және стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылғы 11 қыркүйектен 2024 жылғы 17 маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік саясат департаменті директорының орынбасары болды. 2024 жылғы 17 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы қызметін атқарып келеді.






