Қызметкерлер — Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

    Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Сыздыкова Гульмира Джамбуловна
    Басшы

    Сыздыкова Гульмира Джамбуловна

    Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

    Сыздыкова Гульмира Джамбуловна 1969 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Қызылорда мемлекеттік медициналық училищесінде «Емдеу ісі, фельдшер» мамандығы бойынша білім алды. 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік институтын «Медико-профилактикалық ісі» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда темір жол СЭС-інде паразитология бөлімінің дезинструкторы болып бастап, әрі қарай лаборант-химик, коммуналдық гигиена бойынша санитар дәрігердің көмекшісі қызметтерін атқарды. 1995-1998 жылдар аралығында Арал аудандық СЭС-інде дезинфекционист-дәрігер қызметінде болды. 1999-2017 жылдар аралығында Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, 2017 жылдан бастап Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2023-2025 жылдар аралығында Қызылорда қалалық СЭББ басшысы лауазымын абыроймен атқарды.

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
    Абдикаимова Алия Муталиповна
    Басшының орынбасары

    Абдикаимова Алия Муталиповна

    Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

    жоғары, Қарағанды мемлекеттік медицина институты, дәрігер-гигиенист-эпидемиолог

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
    Ұзақбаев Ерлан Амантайұлы
    Басшының орынбасары

    Ұзақбаев Ерлан Амантайұлы

    Қызылорда облысының санитариялық-эпиемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

    Білімі жоғары,М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университет, "Санитариялық дәрігер, дәрігер-эпидемиолог"

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
    Сердалиев Талгат Сайлаубаевич
    Басшының орынбасары

    Сердалиев Талгат Сайлаубаевич

    Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары (қаржы бағыты бойынша)

    2021 жылғы 18 наурыздан бастап Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары (қаржы бағыты бойынша) қызметін атқарады

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметӘдеп жөніндегі уәкілМемлекеттік сатып алуларБюджет

    Бөлім

    14

    Басқа қызметкерлер

    11
    Сердалиев Талғат Сайлаубайұлы
    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Сердалиев Талғат Сайлаубайұлы

    Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бойынша Әдеп өкілі

    2021 жылғы 18 наурыздан бастап Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары (қаржы бағыты бойынша) қызметін атқарады 2022 жылғы 9 ақпаннан бастап Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі