
Сыздыкова Гульмира Джамбуловна
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
Өмірбаян
Сыздыкова Гульмира Джамбуловна 1969 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Қызылорда мемлекеттік медициналық училищесінде «Емдеу ісі, фельдшер» мамандығы бойынша білім алды. 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік институтын «Медико-профилактикалық ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда темір жол СЭС-інде паразитология бөлімінің дезинструкторы болып бастап, әрі қарай лаборант-химик, коммуналдық гигиена бойынша санитар дәрігердің көмекшісі қызметтерін атқарды.
1995-1998 жылдар аралығында Арал аудандық СЭС-інде дезинфекционист-дәрігер қызметінде болды.
1999-2017 жылдар аралығында Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, 2017 жылдан бастап Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2023-2025 жылдар аралығында Қызылорда қалалық СЭББ басшысы лауазымын абыроймен атқарды.


