Қызметкерлер — «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жанақала ауданының білім беру бөлімі» ММ

    «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жанақала ауданының білім беру бөлімі» ММ басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы
    Басшы

    Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы

    Жаңақала ауданының білім беру бөлімі

    Батыс Қазақстан облысы білім басқарма басшысының N1 бұйрығымен 2024 жылғы 3 қаңтарынан бастап Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы Жаңақала ауданының білім беру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. ⚜️⚜️⚜️Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы – 1984 жылы 11 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Пятимар (Аққұс) ауылында дүниеге келген. ⚜️⚜️⚜️1991 жылы Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ-нің 1 сыныбына қабылданып, 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатты тәмәмдаған. ✅️2002-2006 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Тарих және география» мамандығы бойынша білім алған. ✅️2006-2008 жж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «География»​ кафедрасында ассистент-оқытушы; ✅️2008-2010 жж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «6M020300 - Тарих» мамандығы бойынша магистратурада білім алды; ✅️2010-2011 жж. Орал гуманитарлық колледжінде тарих және география пәндерінің оқытушысы; ✅️2011-2013 жж. Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің тарих және география пәндерінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; ✅️2013-2016 жж. Әл-Фараби атындағыҚазҰУ-да«6D020300 - Тарих» мамандығы бойынша PhD докторантурада білім алды. ✅️2015 жылдыңмамыр-тамыз айлары аралығында Француз Республикасы, Париж қаласындағы «Әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі» ғылыми орталығы («École des hautes études en sciences sociales») мен «Шығыс тілдері және өркениеті»институтында («INALCO BULAC»Paris, France) тағылымдамадан өтті; ✅️2016-2017 жж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Қазақстан Республикасының тарихы» кафедрасында оқытушы; ✅️2017-2020жж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ жанындағы «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері; ✅️2020-2022 жж. Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі; ✅️2022-2023 жж. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы; ✅️2023 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Жаңақала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау,құжаттамалық қамту және қаржылық шаруашылық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.