Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы

    Жаңақала ауданының білім беру бөлімі

    Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы
    Басшы

    Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы

    Жаңақала ауданының білім беру бөлімі

    Өмірбаян

    Батыс Қазақстан облысы білім басқарма басшысының N1 бұйрығымен 2024 жылғы 3 қаңтарынан бастап Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы Жаңақала ауданының білім беру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
    ⚜️⚜️⚜️Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы – 1984 жылы 11 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Пятимар (Аққұс) ауылында дүниеге келген.
    ⚜️⚜️⚜️1991 жылы Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ-нің 1 сыныбына қабылданып, 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатты тәмәмдаған.
    ✅️2002-2006 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Тарих және география» мамандығы бойынша білім алған.
    ✅️2006-2008 жж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «География»​ кафедрасында ассистент-оқытушы;
    ✅️2008-2010 жж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «6M020300 - Тарих» мамандығы бойынша магистратурада білім алды;
    ✅️2010-2011 жж. Орал гуманитарлық колледжінде тарих және география пәндерінің оқытушысы;
    ✅️2011-2013 жж. Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің тарих және география пәндерінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
    ✅️2013-2016 жж. Әл-Фараби атындағыҚазҰУ-да«6D020300 - Тарих» мамандығы бойынша PhD докторантурада білім алды.
    ✅️2015 жылдыңмамыр-тамыз айлары аралығында Француз Республикасы, Париж қаласындағы «Әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі» ғылыми орталығы («École des hautes études en sciences sociales») мен «Шығыс тілдері және өркениеті»институтында («INALCO BULAC»Paris, France) тағылымдамадан өтті;
    ✅️2016-2017 жж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Қазақстан Республикасының тарихы» кафедрасында оқытушы;
    ✅️2017-2020жж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ жанындағы «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері;
    ✅️2020-2022 жж. Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі;
    ✅️2022-2023 жж. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
    ✅️2023 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Жаңақала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау,құжаттамалық қамту және қаржылық шаруашылық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.