
Абылгазинова Мейрамгуль Рысбековна
Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы
Абылгазинова Мейрамгуль Рысбекқызы 07 қараша 1979 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2006 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту елінің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлықпен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды. М.Р.Абылгазинова Қазақстан Республикасы Президентінің «ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды. 2018 жылы тәуелсіздікті, ұлттық бірлікті нығайтуға, мәдениетаралық диалог пен қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Бірлік» алтын медалі» медалімен марапатталды. Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталды.














