
Абылгазинова Мейрамгуль Рысбековна
Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Абылгазинова Мейрамгуль Рысбекқызы 07 қараша 1979 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2006 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту елінің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлықпен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
М.Р.Абылгазинова Қазақстан Республикасы Президентінің «ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
2018 жылы тәуелсіздікті, ұлттық бірлікті нығайтуға, мәдениетаралық диалог пен қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Бірлік» алтын медалі» медалімен марапатталды.
Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Еңбек жолын 2001 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының «Жас Қанат» спорттық - бейініндегі балалар орталығында музыкалық жетекші болып бастады.
2002 жылдың қыркүйек айынан бастап Шығыс қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет үйінің әртісі.
2003 жылдың шілде айынан бастап Шығыс қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.
2003 жылдың қараша айынан бастап «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және спорт бөлімі»ММ бас маманы.
2005 жылдың қаңтар айынан бастап «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы.
2006 жылдың қаңтар айынан бастап «Шығыс қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ жетекші маманы.
2008 жылдың маусым айынан бастап «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы.
2011 жылдың қаңтар айынан бастап «Шығыс қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы.
2012 жылдың ақпан айынан бастап 2021 жылдың қаңтар айына дейін «Бесқарағай аудандық Достық үйі» КМҚК директоры.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап 2023 жылдың қаңтар айына дейін Бесқарағай аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының хатшысы.
2023 жылдың наурыз айынан бастап Сегізінші шақырылымның Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
