Махамбет ауданының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    Махамбет ауданы — Атырау облысыныңорталық бөлігінде орналасқан аудан. Орталығы - Махамбет ауылы. Ауданға 9 ауылдық округ, 21 елді мекенқарайды.

    Құрылған уақыты 1928 жыл.

    Тұрғындар саны 29 218 адам.

    Жер аумағы 9,6 мың км².

    Аудан жері Атырау қаласының іргесінен басталып, солтүстікке қарай Жайықөзенінің екі жақ бетіне орналасқан.Жер бедері тегіс және теңіз деңгейінен 9 м-ден (солтүстігінде) 27 м-ге (оңтүстігінде) дейін төмен. Жайық өзенінің оң жағасымен Каспий теңізінің солтүстігіндегі жіңішке өңірді қызғылт қоңыр топырақты, басым бөлігін сортаңды сұр топырақты және Жамансор деп аталатын соржерлер алып жатыр.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Медициналық ұйымға (емханаға) қалай бекітілуге болады?

    Жауап

    - Көрсетілетін қызметті тұрғылықты жері өзгерген жағдайда (көшіп – қону), бекітілімнің медициналық ұйымын (жылына 2 мәрте еркін бекітілуге болады), бекіту науқаны кезінде 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін (бекіту келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді) пайдалануға болады. ҚР ДСМ 2020 жылғы 13 қарашадағы № 194 бұйрығымен бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларының 25-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 1 жұмыс күні көрсетіледі (пациент жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес күндер өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз: ЭЦҚ көмегімен: - Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз; - «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз; - Сұранымның ашық жолдарын толтыру; - Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз; - Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз. Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді.

    Сұрақ

    Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?

    Жауап

    - Дәрігерді үйге шақыру – бұл науқастың жағдайына байланысты медициналық бақылау мен көмек алу мүмкіндігі, әсіресе, ол емханаға немесе стационарға өздігінен бара алмайтын жағдайда қолданылады. Қазақстан Республикасында бұл қызмет ГОБМП (гарантталған тегін медициналық көмек) және МӘМС жүйесі аясында ұйымдастырылады. Дәрігерді үйге шақыруға көрсеткіш жағдайлар: - қозғала алмау немесе қозғалыс шектеулігі: - Науқас ауруына байланысты өздігінен емханаға бара алмайды (мысалы, ауыр жарақат, инсульттен кейінгі жағдай, мүгедектік, әлсіреу). Жедел медициналық жағдайлар: - Денсаулыққа қауіп төндіретін симптомдар бар кезде (жоғары температура, күшті әлсіздік, ентігу, кенет басталған ауырсыну, жүрек-қан тамыр немесе тыныс алу жүйесі белгілері). Дәрігер науқастың жағдайын бағалап, шұғыл шараларды қолданады немесе стационарға жолдама береді. Созылмалы аурудың асқынуы: - Қант диабеті, гипертония, жүрек немесе бүйрек аурулары сияқты созылмалы патологиялары бар пациенттердің жағдайы нашарлаған кезде. Мұндай науқастарға дәрігер дәрі-дәрмек тағайындайды, жағдайын бақылауға алады. Балалар мен жүкті әйелдер: - Жүктілік кезінде профилактикалық немесе шұғыл тексеру қажет болғанда. - Кішкентай балаларда жоғары температура немесе тыныс алу қиындықтары байқалған кезде. Үйге шақыру тәртібі: - Науқас немесе оның заңды өкілі емхананың тіркеу бөліміне хабарласып, дәрігерді шақыру туралы өтініш береді. Өтініш тіркеледі және учаскелік дәрігер науқастың жағдайын бағалап, келген уақытта қажетті медициналық қызмет көрсетеді.

    Сұрақ

    Жедел жәрдем қандай жағдайда шақырылады?

    Жауап

    - Жедел жәрдем – бұл науқастың өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайларда дереу медициналық көмек көрсету қызметі. Қазақстан Республикасында жедел жәрдем қызметі ГОБМП (Гарантталған тегін медициналық көмек) және МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетіледі. Жедел жәрдем шақыруға көрсеткіш жағдайлар: Өмірге қауіп төндіретін жағдайлар: - Жүрек-қан тамырларының өткір аурулары: инфаркт, ауыр тахикардия, жүрек тоқтауы; - Миға қан құйылу, инсульт белгілері: бет әлпетінің қисайуы, сөйлеудің бұзылуы, қол-аяқтың әлсіреуі. Жедел тыныс алу жеткіліксіздігі, қатты ентігу, дем алудың қиындауы; - Кенеттен естен тану немесе құсу, әлсіреу, сана жоғалту; Жарақаттар мен уланулар: - Ауыр жарақаттар: сыну, кесілген немесе күйген жарақаттар; - Химиялық, тағамдық немесе дәрі-дәрмекпен улану. Жағдайы шұғыл бақылауды қажет ететін науқастар: - Балаларда жоғары температура кезінде, конвульсиялар, кенеттен нашарлау. - Созылмалы аурулары бар адамдарда (қан қысымы, қант диабеті, эпилепсия, жүрек аурулары) кенет асқыну байқалған кезде. Ауыр психо-эмоциялық немесе әлеуметтік жағдайлар: - Қауіпті өзін-өзі жарақаттау немесе өзін өлтіру әрекеті болған жағдайда. Ауыр психикалық жағдайда науқасқа шұғыл медициналық көмек қажет. Жедел жәрдемді 103 нөміріне хабарласып шақырады. Қоңырау кезінде диспетчер жағдайды сипаттауын сұрайды, медициналық бригада шақырылады. Науқасқа келген мамандар қажетті диагностика, алғашқы көмек көрсетеді және қажет болған жағдайда стационарға жеткізеді.

    Сұрақ

    ҚР-дағы Тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауаптылық көзделген?

    Жауап

    - "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75,455-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабына сәйкес тіл туралы заңның 21-бабында көрсетілген талаптарды сақтамау, ең алдымен ескерту, 1 жыл ішінде қайталанып жасалса айыппұл салуға әкеп соғады. Құқық бұзушылық түрлері: ас мәзірлерінің тек қана орыс немесе басқа да тілдерде рәсімделуі, көрнекі ақпараттар мен деректемелерді тек орыс тілінде ғана орналастыру және теңтүпнұсқалы аударманың сақталмауы, әдеби тіл нормасына сәйкессіздік т.б. ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 455-бабының 3-тармағына сәйкес жарнама тарату тілдеріне белгіленген талаптарды бұзу айыппұл салуға әкеп соғады.

    Сұрақ

    Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктері және мемлекет меншігіндегі объектілерге атау беру, қайта атау қалай жүргізіледі?

    Жауап

    - Әкімшілік-аумақтық бірліктер (елді мекендер) және олардың құрамдас бөліктеріне (көше, даңғыл, көпір т.б.) атау беруде ең алдымен жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріледі. Сәйкесінше, атау беру, қайта атау тәртібі республикалық "Тарихи тұлғалар", "Дәстүрлі атаулар", "Жер-су атаулары" тізімдері бойынша жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастық жиналысының қорытындысына сәйкес өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімі негізінде облыстық ономастика комиссиясынының қарауына ұсынылады. Ауыл, ауылдық округ, кент, аудандық маңызы бар қала елді мекендері мен құрамдас бөліктері үшін облыстық ономастика комиссиясы, ал облыстық маңызы бар қала көшелеріне республикалық ономастика комиссиясы қорытынды береді. Қазіргі уақытта ономастикалық нысандарға (көше, объект атауы, елді мекен т.б.) жеке тұлғалардың есімдерінен гөрі, дәстүрлі атаулар мен жер-су атауларын қоюға басымдық беріледі. Мемлекет меншігіндегі объектілерге тоқталатын болсақ, оларға атау беру, қайта атау жоғарыда көрсетілген тізімдерге сәйкес, сондай-ақ ұжым қолдауы арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік меншіктегі нысандарға атау беру республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде жүзеге асады.

    Сұрақ

    Емханадан вакцина аларда ол бойынша ақпарат ала аламын ба?

    Жауап

    - Вакцина алмас бұрын әрбір пациент: вакцинаның атауы оның әсері мен пайдасы мүмкін болатын жанама әсерлері қарсы көрсетілімдері туралы толық ақпарат алуға құқылы. Дәрігер немесе медицина қызметкері: барлық сұрақтарға жауап береді вакцина салуға ерікті келісім алады Яғни, вакцинация тек пациенттің хабардар келісімімен жүргізіледі. Мысал: Ата-ана баласына вакцина салдырмас бұрын дәрігерден жанама әсерлері туралы сұрады. Дәрігер толық түсіндіріп, содан кейін ғана келісім алып вакцина жасады.

    Ақпарат

    Бюллетень

    Неліктен мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдері түрлі түсті болады? 2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды сайлау тәсіліне қарай ерекшеленеді. Бұл сайлаушыларға бюллетеньдерді оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Сайлау бюллетеньдері үш түсте болады: Көгілдір – астананың, облыстардың, және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау үшін. Жасыл – астананың, облыстардың, және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау үшін. Қызғылт сары – аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау үшін. Барлық бюллетеньдер А5 форматында дайындалады. Оларда дауыс беруге қажетті мәліметтер, «Бәріне қарсымын» деген жол және белгі қоюға арналған орындар болады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының хабары

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 38-бабы негізінде 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының хабары № Учаскелік сайлау комиссияының № Сайлау учаскесінің орналасқан орны Дауыс беру күні мен уақыты 1 №215 Махамбет ауылы, Жамбыл көшесі, 4, Өнерпаз аудандық мәдениет үйінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 2 №216 Махамбет ауылы, Өтешқали Есмағамбетов көшесі, 15, Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 3 №217 Махамбет ауылы, Шұғыла шағын ауданы, Қазбек би көшесі, 40А,Дүйсенғали Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 4 №218 Махамбет ауылы, Мұрат Шоқпаров көшесі, 117, Оңай Шонаев атындағы орта мектебінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 5 №219 Махамбет ауылы, Мырзабек Боранқұлов атындағы көше, 7, Есенбай Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 6 №220 Сарытоғай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 5, Қарабай Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 7 №221 Жалғансай ауылы, Махамбет көшесі, 1, Шалқыма мәдениет үйінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 8 №222 Таңдай ауылы, Махамбет Есенбаев көшесі, 15, Бақсай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 9 №223 Сарайшық ауылы, А.Иманов көшесі, 38, Сарайшық ауылдық мәдениет үйінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 10 №224 Сарайшық ауылы, Ескендір Шәкіліков көшесі, 38, №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 11 №225 Бейбарыс ауылы, Төле би көшесі, 36, Жас Дәурен мәдениет үйінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 12 №226 Талдыкөл ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі, 32,Талдыкөл ауылдық мәдениет үйінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 13 №229 Алға ауылы, Құрманғали Иманғазиев көшесі, 2, Алға орта мектебінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 14 №230 Еңбекшіл ауылы, МұстафаШоқай көшесі, 51А, Еңбекшіл ауылының негізгі мектебінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 15 №231 Ортақшыл ауылы, Абай көшесі, 17, Қосарал орта мектебінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 16 №232 Есбол ауылы, Абай көшесі, 36, Есбол ауылдық клубының ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 17 №233 Ақжайық ауылы, Ақжайық көшесі, 33А, Ақжайық ауылдық мәдениет үйінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін 18 №234 Ақтоғай ауылы, Махамбет көшесі, 30А, Ақтоғай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты 29.11.2026 жыл сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін Тиісті учаскелік сайлау комиссиялары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

    Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 29 қазандағы №32 және №33 шешімдерімен«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасынының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабы 12-тармағының 4) тармақшасына, екінші, үшінші бөліктеріне сәйкес №229 учаскелік сайлау комиссиясының Құлахмет Таңатар Тастайбекұлы, Макаева Роза Балдашевна, Мусин Рустем Тулегенович, Изтелеуова Самал Борановна, №233 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Сейтқазиева Жайнагүл Жеңісбекқызы, №234 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Сансызбайұлы Махамбет комиссиядағы мүшелік міндеттері уақытша тоқтатылды және олардың орындарына №229 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері болып Қуанова Шамшырақ Бақтықұлқызы, Қарбай фатима Нысантайқызы, Улжабаева Айгерим Жолдаскалиевна, Жиенгалиева Дана Каримовна, №233 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Назаров Нұрбек Назарұлы, №234 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Канатова Алмагуль Кыдирбаевна тағайындалды. Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері Кім ұсынды № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Латифов Жанторе Бекболович 1992 «Нұр- Ясин» ЖК, басшы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылы Қазақстан Халық Партиясы 2. Базарова Нұрсұлу Асылбекқызы 1991 «Алтын- ай» бала бақшасы, тәрбиеші Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Өзін - өзі ұсыну арқылы 3. Жеңісбайұлы Мурагер 1987 «Досқайыров» ШҚ, басшы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылы «Ауыл» партиясы № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Хамзин Нұрбол Лесбекұлы 1994 Атырау қаласының №48 жалпы білім беретін мектебі, информатика пәнінің мұғалімі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2. Туманова Нүргүл Сағытжанқызы 1985 «Туманова Н.С» ЖК, басшы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы Қазақстан Халық Партиясы 3. Еспусинова Эльмира Жалгасовна 1977 З.Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебі, басшы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы «ӘDILET» партиясы № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Тарғынов Ернар Жанатұлы 2001 "Сарытоғай" мәдениет үйі КМҚК, көркемдік жетекші Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы Қазақстан Халық Партиясы 2. Нургалиев Алтынбек Азербаевич 1988 "Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" КММ, өрт сөндіру бекетінің бастығы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы «Ауыл» партиясы 3. Әженов Руслан Болатұлы 1983 "ӘDILET" партиясы Махамбет аудандық филиалы, төраға Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы «ӘDILET» партиясы № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Кожабаев Нурбол Тлеккабылович 1982 «Кожабаев Н.Т.» ЖК, басшы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2. Жумашев Кайрат Жайлыбаевич 1986 Жалғансай ауылдық "Шалқыма" мәдениет үйі" КМҚК, басшы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы «ӘDILET» партиясы 3. Рабаев Нұрболат Сағатұлы 1995 "Рабай" ШҚ, жетекші Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Есенбаев Сакен Нұрлыбайұлы 1996 Махамбет аудандық "Жастар ресурстық орталығы", басшы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2. Кубашева Ақмарал Дауылбайқызы 1985 "Бақсай" ауылдық мәдениет үйі КМҚК, есепші Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 3. Қуанышев Ерлан Аманбайұлы 1983 "Ұлан" ШҚ, басшы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы «ӘDILET» партиясы № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Казиев Сейтжан Бердешович 1975 №1 Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушысы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2. Жумабаев Амангелді Жеңісұлы 1994 "Сарайшық "мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы"ШЖҚ РМК, ғылыми хатшы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ескі Сарайшық ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 3. Аменов Мейрман Амангельдиевич 1984 Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі, мұғалім Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылы «ӘDILET» партиясы № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Ислам Нұрмұхамед Сүндетұлы 1997 Сафи Өтебаев атындағы Мұнай және газ университеті, шығармашылық орталығының дыбыс режиссері Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2. Пангерей Төре Қадырбекұлы 1994 Қ.Қалыбеков атындағы орта мектебі, мұғалім Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы «Ауыл» партиясы 3. Бегинбаев Аскар Сабыржанович 1987 "KPI Inc. " ЖШС, ІТ қызметінің жетекші инженері Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылы Respublica партиясы № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Сейтқазиева Жайнагүл Жеңісбекқызы 1994 "Ақжайық" мәдениет үйі КМҚК, көркемдік жетекші Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2. Умбетов Медет Айсаулы 1979 "Умбетов М" ШҚ, басшы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алға ауылы «Ауыл» партиясы 3. Жумагалиева Нургул Смагуловна 1976 Алға орта мектебі, директор Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылы «ӘDILET» партиясы № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Жексенгулов Каблет Енсепович 1987 "Атырау Мұнай" ЖШС, ауысым бастығы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2. Бақтыгерей Саят Бақтыгерейұлы 1991 "QazaqGazAimaq" АҚ Атырау өндірістік филиалына қарасты Махамбет газ шаруашылығы мекемесі, учаске инженері Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы «Ақжол» партиясы 3. Аруев Нұрғали Латифұлы 1971 "Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі" ММ, бөлім басшысы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы «ӘDILET» партиясы № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Файзуллаев Багдалмаут Зейноллаұлы 1994 "Ақжайық" мәдениет үйі КМҚК, директор Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылы Қазақстан Халық Партиясы 2. Дауткалиев Арман Серикбаевич 1986 "Заңғар" ШҚ, басшы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылы «Ауыл» партиясы 3. Орынбаев Фархат Сеифоллаұлы 1990 "Орынбаев" ЖК, басшы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алға ауылы «Ақжол» партиясы № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Сансызбайұлы Махамбет 2002 "Ақтоғай орта мектебі" КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2. Бимаганбетов Дулат Хамзиевич 1979 "Tengiz Chevroil" ЖШС, қауіпсіздік бөлімінің маманы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы «Ақжол» партиясы 3. Аскаров Алтынбек Амангелдиевич 1990 "Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" КММ, директор Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылы «ӘDILET» партиясы Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Махамбет аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Махамбет аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ 1 қараша 2026 жыл "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Махамбет аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар бірмандаттық аумақтық №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 сайлау округтері бойынша тіркелді: №1 сайлау округі Латифов Жанторе Бекболович, 1992 жылы туған, «Нұр-ясин» ЖК, басшы, Сарытоғай ауылының тұрғыны. Базарова Нұрсұлу Асылбекқызы, 1991 жылы туған, «Алтын-ай» бала бақшасы, тәрбиеші, Махамбет ауылының тұрғыны. Жеңісбайұлы Мурагер, 1987 жылы туған, «Досқайыров» ШҚ, басшысы, Ақтоғай ауылының тұрғыны. №2 сайлау округі Хамзин Нұрбол Лесбекұлы, 1994 жылы туған, Атырау қаласының №48 жалпы білім беретін мектебі, информатика пәнінің мұғалімі, Ақжайық ауылының тұрғыны. Туманова Нүргүл Сағытжанқызы, 1985 жылы туған, «Туманова Н.С.» ЖК, басшы, Махамбет ауылының тұрғыны. Еспусинова Эльмира Жалгасовна, 1977 жылы туған, З.Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебі, басшысы, Махамбет ауылының тұрғыны. №3 сайлау округі Тарғынов Ернар Жанатұлы, 2001 жылы туған, «Сарытоғай» мәдениет үйі КМҚК, көркемдік жетекші, Махамбет ауылының тұрғыны. Нургалиев Алтынбек Азербаевич, 1988 жылы туған, «Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ, өрт сөндіру бекетінің бастығы, Жалғансай ауылының тұрғыны. Әженов Руслан Болатұлы, 1983 жылы туған, «ӘDILET» партиясы Махамбет аудандық филиалы, төраға, Махамбет ауылының тұрғыны. №4 сайлау округі Кожабаев Нурбол Тлеккабылович, 1982 жылы туған, «Кожабаев Н.Т.» ЖК, басшы, Махамбет ауылының тұрғыны. Жумашев Кайрат Жайлыбаевич, 1986 жылы туған, Жалғансай ауылдық «Шалқыма» мәдениет үйі» КМҚК, басшы, Жалғансай ауылының тұрғыны. Рабаев Нұрболат Сағатұлы, 1995 жылы туған, «Рабай» ШҚ, жетекші, Махамбет ауылының тұрғыны. №5 сайлау округі Есенбаев Сакен Нұрлыбайұлы, 1996 жылы туған, Махамбет аудандық «Жастар ресурстық орталығы», басшы, Махамбет ауылының тұрғыны. Кубашева Ақмарал Дауылбайқызы, 1985 жылы туған, «Бақсай» ауылдық мәдениет үйі КМҚК, есепші, Таңдай ауылының тұрғыны. Қуанышев Ерлан Аманбайұлы, 1983 жылы туған, «Ұлан» ШҚ, басшы, Махамбет ауылының тұрғыны. №6 сайлау округі Казиев Сейтжан Бердешович, 1975 жылы туған, №1 Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушысы, Сарайшық ауылының тұрғыны. Жумабаев Аманкелді Жеңісұлы, 1994 жылы туған, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы» ШЖҚ РМК, ғылыми хатшы, Ескі Сарайшық ауылының тұрғыны. Аменов Мейрман Амангельдиевич, 1984 жылы туған, Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі, мұғалім, Сарайшық ауылының тұрғыны. №7 сайлау округі Ислам Нұрмұхамбед Сүндетұлы, 1997 жылы туған, Сафи Өтебаев атындағы Мұнай және газ университеті, шығармашылық орталығының дыбыс режиссері, Бейбарыс ауылының тұрғыны. Пангерей Төре Қадырбекұлы, 1994 жылы туған, Қ.Қалыбеков атындағы орта мектебі, мұғалім, Махамбет ауылының тұрғыны. Бегинбаев Аскар Сабыржанович, 1987 жылы туған, «KPI Inc.» ЖШС, ІТ қызметінің жетекші инженері, Бейбарыс ауылының тұрғыны. №8 сайлау округі Сейтқазиева Жайнагүл Жеңісбекқызы, 1994 жылы туған, «Ақжайық» мәдениет үйі КМҚК, көркемдік жетекші, Ақжайық ауылының тұрғыны. Умбетов Медет Айсаулы, 1979 жылы туған, «Умбетов М» ШҚ, басшы, Алға ауылының тұрғыны. Жумагалиева Нургул Смагуловна, 1976 жылы туған, Алға орта мектебі, директор, Алға ауылының тұрғыны. №9 сайлау округі Жексенгулов Каблет Енсепович, 1987 жылы туған, «Атырау Мұнай» ЖШС, ауысым бастығы, Есбол ауылының тұрғыны. Бақтыгерей Саят Бақтыгерейұлы, 1991 жылы туған, «QazaqGazAimaq» АҚ Атырау өндірістік филиалына қарасты Махамбет газ шаруашылығы мекемесі, учаске инженері, Махамбет ауылының тұрғыны. Аруев Нұрғали Латифұлы, 1971 жылы туған, «Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, бөлім басшысы, Махамбет ауылының тұрғыны. №10 сайлау округі Файзуллаев Багдалмаут Зейноллаұлы, 1994 жылы туған, «Ақжайық» мәдениет үйі КМҚК, директор, Ақжайық ауылының тұрғыны. Дауткалиев Арман Серикбаевич, 1986 жылы туған, «Заңғар» ШҚ, басшы, Ақжайық ауылының тұрғыны. Орынбаев Фархат Сеифоллаұлы, 1990 жылы туған, «Орынбаев» ЖК, басшы, Алға ауылының тұрғыны. №11 сайлау округі Сансызбайұлы Махамбет, 2002 жылы туған, «Ақтоғай орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақтоғай ауылының тұрғыны. Бимаганбетов Дулат Хамзиевич, 1979 жылы туған, «Tengiz Chevroil» ЖШС, қауіпсіздік бөлімінің маманы, Махамбет ауылының тұрғыны. Аскаров Алтынбек Амангелдиевич, 1990 жылы туған, «Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» КММ, директор, Сарытоғай ауылының тұрғыны. Тиісті округтік сайлау комиссиялары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 қазанына 28,30 трлн теңгегежетті. 12 айдағы өсім – 2,60 трлн теңгенемесе 10,0%. Негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан қаражаттан тұрады, олардың көлемі – 26,13 трлн теңге,12 айда 1,73 трлн теңгеге немесе 7,1% өсті. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 732,80 млрд теңгеболды. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қазанға оның көлемі 10,35 млрд теңге болып, 12 айда 6,4% өсім көрсетті. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,4 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қазанына 1 429,89млрд теңгеболды. Түсімдер Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 9 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 738,10млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,7%-ға (немесе 371,90 млрд теңгеге) артық. МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейін 2 091,42 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 113,50 млрд теңге (өсім – 12,7%), ЕЗЖ – 1,62 млрд теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.10.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 531,55 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.10.2026ж. жағдай бойынша 882,28 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1402,37млрд теңгеніқұрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 223,61 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 028 теңге. 2026 жылдың басынан бастап 01.10.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 490,04 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 77,26 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 37,30 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,62 млрд теңге, жерлеуге – 7,14 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 564,40 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,11 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,14 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қазанында 12,90 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,44 млн - МЗЖ бойынша, 798,39 мыңы - МКЗЖ бойынша, 466,12 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,44 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді. БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 6,21 млнбірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).

    Жарияланды: