Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты

    Махамбет ауданының әкімдігі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың

    зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 қазанына 28,30 трлн теңгеге жетті. 12 айдағы өсім – 2,60 трлн теңге немесе 10,0%. Негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан қаражаттан тұрады, олардың көлемі – 26,13 трлн теңге, 12 айда 1,73 трлн теңгеге немесе 7,1% өсті.

    Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 732,80 млрд теңге болды.

    Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қазанға оның көлемі 10,35 млрд теңге болып, 12 айда 6,4% өсім көрсетті.

    Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,4 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қазанына 1 429,89млрд теңге болды.

    Түсімдер

    Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 9 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 738,10млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,7%-ға (немесе 371,90 млрд теңгеге) артық.

    МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейін 2 091,42 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 113,50 млрд теңге (өсім – 12,7%), ЕЗЖ – 1,62 млрд теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.10.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 531,55 млрд теңгені құрады.

    Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.10.2026ж. жағдай бойынша 882,28 млрд теңгені құрады.

    Төлемдер мен аударымдар

    2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1402,37млрд теңгені құрады.

    Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 223,61 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 028 теңге.

    2026 жылдың басынан бастап 01.10.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 490,04 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 77,26 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 37,30 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,62 млрд теңге, жерлеуге – 7,14 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 564,40 млрд теңге аударылды.

    ЖЗШ саны

    2026 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,11 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,14 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қазанында 12,90 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,44 млн - МЗЖ бойынша, 798,39 мыңы - МКЗЖ бойынша, 466,12 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,44 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

    БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 6,21 млн бірлік.

    Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    За 12 месяцев пенсионные накопления казахстанцев выросли на 2,60 трлн теңге
    За 12 месяцев пенсионные накопления казахстанцев выросли на 2,60 трлн теңге
    DOCX · 65 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін ба...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Басқа

    Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына және казино объектілеріне бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

    Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына және казино объектілеріне бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 505-бабының 5-тармағына,...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 2-ші жартыжылдығында ауылдық округтердегі тұрғындар жиындарының қорытындысымен жасақталған ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

    «БЕКІТЕМІН» Махамбетауданыәкімі __________Қ.Е.Нұрлыбаев «____» _________ 2026 жыл 2026 жылдың 2-ші жартыжылдығында ауылдық округтердегі тұрғындар жиындарының қорытындысымен жасақталған ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ № Сұрақ қоюшы Мәсе...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бюллетень

    Неліктен мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдері түрлі түсті болады? 2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды са...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының хабары

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 38-бабы негізінде 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайл...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

    Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 29 қазандағы №32 және №33 шешімдерімен«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасын...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жы...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Махамбет аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Махамбет аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ 1 қараша 2026 жыл "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Р...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды: