Қызметкерлер — Астана қаласының әкімдігі

    Астана қаласының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    7
    Қасымбек Жеңіс Махмудұлы
    Әкім

    Қасымбек Жеңіс Махмудұлы

    Астана қаласының әкімі

    Жеңіс Махмудұлы Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша аяқтады. 2001 жылы Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

    Нұркенов Нұрлан Жаңбыршыұлы
    Әкімінің бірінші орынбасары

    Нұркенов Нұрлан Жаңбыршыұлы

    Астана қаласы әкімінің мәселелер жөніндегі бірінші орынбасары - сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары (оның ішінде жер комиссиясы мәселелері бойынша), құрылыс, кешенді абаттандыру, құрылысқа инвестициялар тарту, қала шеттерін дамыту, экологиялық құрылыс технологияларын дамыту, көгалдандыру, өмір тіршілігі объектілерінің құрылысын аяқтау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жануарларға жауапкершілікпен қарау, үлестік құрылыстың проблемалық объектілерін аяқтау мәселелерін үйлестіру саласындағы іске асыруды қамтамасыз етеді

    1976 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті «Есеп және аудит» бакалавры мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Саясаттану» магистры мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті «Құқықтану» бакалавры мамандығы бойынша, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Құрылыс» бакалавры мамандығы бойынша, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды» бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

    Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасыАстана қаласының құрылыс басқармасыСәулет, құрылыс және жер қатынастары
    Рахманберді Талғат Абайұлы
    Әкімінің орынбасары

    Рахманберді Талғат Абайұлы

    Ішкі саясат, идеология, қоғамдық-саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім, дін және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, білім беру, тілдерді дамыту және мәдениет, архив ісі, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар саясаты мәселелеріне жетекшілік ететін Астана қаласы әкімінің орынбасары.

    1984 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. «Құқықтану», «Экономика» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша жоғары білім алған. 2021 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасы аясында АҚШ-тағы Пенсильвания мемлекеттік университетінде (Pennsylvania State University) құқық мамандығы бойынша білім алған.

    Астана қаласының Ішкі саясат басқармасыАстана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасыАстана қаласының Мәдениет басқармасыАстана қаласының Білім басқармасы
    Глотов Евгений Сергеевич
    Әкімінің орынбасары

    Глотов Евгений Сергеевич

    Тұрғын үй, салық, бюджет және экономикалық саясат, инвестициялық және инновациялық даму, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм, азық-түлікпен қамтамасыз ету, цифрландыру, жергілікті қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі әкімнің орынбасары

    1987 жылы Қарағанды облысында туған. Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы аясында City University London (Ұлыбритания) оқу орнын тәмамдаған. Халықаралық құқық бакалавры. Құқық магистрі.

    Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАстана қаласының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасыАстана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасыАстана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
    Өтебаев Ерсін Кенжебайұлы
    Әкімінің орынбасары

    Өтебаев Ерсін Кенжебайұлы

    Энергетика, газдандыру, газбен жабдықтау, төтенше жағдайлардың алдын алу, коммуналдық шаруашылық (жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су пайдалану), инженерлік желілер, қалалық қоғамдық көлік және байланыс, автомобиль жолдарының инфрақұрылымын салу, LRT желілерін салу, санитариялық тазалау, қарды тазалау саласындағы мәселелері бойынша Әкімнің орынбасары.

    Алматы облысында 1978 жылы туылған. Мемлекеттік Қазақ Көлік және коммуникация академиясын, Бағалау және құрылыс академиясын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құрылыс инженері», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірді.

    Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасыАстана қаласының құрылыс басқармасыАстана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасыТранспорт және автожол басқармасы
    Мейрхан Ерік Серікұлы
    Әкімінің орынбасары

    Мейрхан Ерік Серікұлы

    Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, спорт, мобилизациялық дайындық мәселелері жөніндегі әкім орынбасары

    1986 жылы Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентінде дүниеге келген. 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2012 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

    Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасыАстана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыАстана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасыМобилизация және қорғаныс
    Ешкеев Даулат Затұлы
    Аппарат басшысы

    Ешкеев Даулат Затұлы

    Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы

    1975 жылы Қарағанды қаласында туылған. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін («экономист»), 2000 және 2014 жылдары – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін («заңгер», экономика ғылымдарының магистрі) аяқтаған.

    Управления акимата

    1

    Уполномоченный по этике

    1

    Басқа қызметкерлер

    16