Қасымбек Жеңіс Махмудұлы

    Астана қаласының әкімі

    Қасымбек Жеңіс Махмудұлы
    Әкім

    Қасымбек Жеңіс Махмудұлы

    Астана қаласының әкімі

    Өмірбаян

    Жеңіс Махмудұлы Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша аяқтады. 2001 жылы Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында тағылымгер-зерттеуші болып бастаған. 1998-2000 жылдары ҚР монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің бөлімін басқарды. ҚР ККМ Су көлігі департаментінің директоры болып жұмыс істеген. 2004 жылдан 2005 жылға дейін «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры болды.

    2005 жылғы қарашада оны Көлік және коммуникация вице-министрі етіп тағайындады. Содан кейін Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы болды. Кейінірек Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарған.

    Бұдан кейін Инвестициялар және даму министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып жұмыс істеді.

    2019 жылғы 25 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

    2019 жылғы қыркүйектен бастап 2022 жылғы желтоқсан аралығында Қарағанды облысының әкімі.

    2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап Президент Жарлығымен Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері

    Нұркенов Нұрлан ЖаңбыршыұлыӘкімінің бірінші орынбасарыНұркенов Нұрлан ЖаңбыршыұлыАстана қаласы әкімінің мәселелер жөніндегі бірінші орынбасары - сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары (оның ішінде жер комиссиясы мәселелері бойынша), құрылыс, кешенді абаттандыру, құрылысқа инвестициялар тарту, қала шеттерін дамыту, экологиялық құрылыс технологияларын дамыту, көгалдандыру, өмір тіршілігі объектілерінің құрылысын аяқтау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жануарларға жауапкершілікпен қарау, үлестік құрылыстың проблемалық объектілерін аяқтау мәселелерін үйлестіру саласындағы іске асыруды қамтамасыз етедіАшу
    Рахманберді Талғат АбайұлыӘкімінің орынбасарыРахманберді Талғат АбайұлыІшкі саясат, идеология, қоғамдық-саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім, дін және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, білім беру, тілдерді дамыту және мәдениет, архив ісі, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар саясаты мәселелеріне жетекшілік ететін Астана қаласы әкімінің орынбасары.Ашу
    Глотов Евгений СергеевичӘкімінің орынбасарыГлотов Евгений СергеевичТұрғын үй, салық, бюджет және экономикалық саясат, инвестициялық және инновациялық даму, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм, азық-түлікпен қамтамасыз ету, цифрландыру, жергілікті қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі әкімнің орынбасарыАшу
    Өтебаев Ерсін КенжебайұлыӘкімінің орынбасарыӨтебаев Ерсін КенжебайұлыЭнергетика, газдандыру, газбен жабдықтау, төтенше жағдайлардың алдын алу, коммуналдық шаруашылық (жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су пайдалану), инженерлік желілер, қалалық қоғамдық көлік және байланыс, автомобиль жолдарының инфрақұрылымын салу, LRT желілерін салу, санитариялық тазалау, қарды тазалау саласындағы мәселелері бойынша Әкімнің орынбасары.Ашу