
Ибраев Самат Сабырұлы
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы
Ибраев Самат Сабырұлы 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2015 жылы – University of Sheffield (Ұлыбритания) университетін «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Мемлекеттік саясат; Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. 2025 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "Мемлекеттік басқару" білім беру бағдарламасының бейіні бойынша доктор дәрежесін алды.

