Ибраев Самат Сабырұлы

    Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы

    Ибраев Самат Сабырұлы
    Руководитель управления

    Ибраев Самат Сабырұлы

    Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы

    Өмірбаян

    Ибраев Самат Сабырұлы 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2015 жылы – University of Sheffield (Ұлыбритания) университетін «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Мемлекеттік саясат; Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. 2025 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "Мемлекеттік басқару" білім беру бағдарламасының бейіні бойынша доктор дәрежесін алды.

    Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының «Алматы» ауданы әкімдігінің ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған. 2010-2016 жылдар аралығында Астана қаласының «Алматы» ауданы әкімінің көмекшісі болған.

    2016 жылғы сәуір айынан Астана қаласы әкімдігінің Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас маманы, кейін Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

    2017 жылғы сәуір айында «Астана қаласының дін істері басқармасы» ММ мониторинг және талдау, ақпараттық-танымдық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Кейін «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ Жоспарлау, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы қызметінде жұмыс істеді.

    2019 жылғы қараша айынан 2024 жылғы қаңтар айына дейін Астана қаласы әкімдігінің Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы.

    2024 жылғы 17 қаңтардан бастап Астана қаласы әкімінің бұйрығымен «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 11 шілдедегі жарлығымен “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.