Қызметкерлер — Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы

    Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Көшқали Қайролла Дүйсешұлы
    Басқарма басшысы

    Көшқали Қайролла Дүйсешұлы

    «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма» басшысы

    Көшқали Қайролла Дүйсешұлы–1968 жылы 30 маусымда ҚАЗ ССР-ның Гурьев қаласында дүниеге келген. 1975-1985 ж.ж. аралығында Ю.А.Гагарин атындағы орта мектепте білім алған. Мансап 17.11.1986-27.10.1988 ж.ж. Совет Үкіметі әскерінің қатарына шақырылып, Ауғанстан Республикасында әскери борышын өтеген. 1989 жылы ҚАЗ ССР-ның Гурьев атындағы Педагогикалық институтының дене шынықтыру мұғалімі факультетіне оқуға түскен. 21.09.2016-5.11.2023 жылдар аралығында Атырау қаласының Дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарды . 6.11.2023 жылдан бастап “Астана қаласының Дін істері басқармасы” ММ басшысы қызметін атқарады. Отбасылық жағдайы – үйленген, 3 баланың әкесі.

    Бөлім

    4

    Басқа қызметкерлер

    1
    Ерментаев Аян Бауыржанұлы
    Қызметкерлер

    Ерментаев Аян Бауыржанұлы

    Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының директоры

    Аян Бауыржанұлы еңбек жолын 2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жастар саясаты орталығының, спорт және мәдениет бөлімінің басшысы қызметінен бастады. Әр уақытта спорт және мәдениет бөлімінің басшысы, «Нұр» филиалының «Жас Отан» ЖҚ, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары Аян Бауыржанұлы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы лауазымын атқарды.