Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Астана қаласындағы діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру және конфессияаралық келісімді нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру.
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру және конфессияаралық келісімді нығайту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
діни бірлестіктердің, діни білім беру ұйымдарының, миссионерлердің қызметі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру саласындағы үдерістерді талдау және олардың нәтижелерін жинақтап қорыту, жан-жақты және объективті зерделеу;
конфессияаралық қатынастарды нығайту және дін саласындағы жергілікті атқарушы биліктің барлық құрылымдарының бірыңғай стратегиясын қалыптастыру және үйлесімді қызмет ету;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде тиімді бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының нормаларын сақтау;
гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру;
қызметкерлерді қызмет бойынша жоғарылату және жұмысқа қабылдау барысында гендерлік теңгерім нормаларын сақтау.
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;
жақын және алыс шетелдердің тәжірибесін зерделеу және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласында халықаралық және аумақтық байланысты кеңейту;
өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізу;
діни әдебиеттерді, діни мақсаттағы заттарды зерделеу және талдау;
өңірде құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының, қайырымдылық мекемелері мен қорлардың қызметін зерделеп, оған талдау жүргізу;
уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу фактілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – Әкімдік) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуын бекіту жөніндегі актілерінің жобасын әзірлеу;
ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуын келісу;
ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімді келісу;
діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;
миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеу;
азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыру саласындағы орын алып отырған үдерістерді зерделеу мен нәтижелерін жинақтап қорыту және талдау;
конфессиялық саясатқа қауіптерді болжау және бейтараптандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
толеранттық және конфессияаралық келісімді нығайту саласында ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл орнату;
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында көзделген талаптардың орындалуын бақылау;
Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, кейіннен оларды сот органдарына беру;
мемлекеттің дін саласындағы бірыңғай саясатын жүргізу мәселелері бойынша мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, діни конфессиялар, жастар, қоғамдық және басқа да бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Астана қаласының әкіміне (бұдан әрі – Әкім) толеранттық пен конфессияаралық келісімді және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау жөніндегі шаралар туралы тоқсан сайынғы жиынтық ақпаратты дайындау;
діни бірлестіктер басшыларымен миссионерлік қызмет, діни материалдарды тарату, ғибадат ғимараттарынан тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы, діни ахуалға мониторинг жүргізу, миссионерлерді тіркеу мәселелері бойынша өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
Әкімдік пен Астана қаласының мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
Басқарманың құзыретіне жататын Әкімнің және Әкімдіктің актілерінің жобаларын дайындау;
жергілікті атқарушы билік органдарының қызметі нәтижесі бойынша сараптамалық, талдамалық және жиынтық жұмыстарды жүргізу, дін саласындағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру;
мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу, Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша құжаттар әзірлеуге мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
діни бірлестіктердің қызметі мен оларды құру және конфессияаралық келісімді, сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге ұсыныстар енгізу;
өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» және өзге де отырыстар өткізу;
қызметтің бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру.
Жаңалықтар
АшуДін істері жөніндегі басқармасында дүниежүзілік евангелиялық альянс өкілдерімен кездесу өтті
Абай күні
АшуАстана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының мамандары интернет-кеңістікте заңсыз миссионерлік қызметпен айналысатын және діни материалдар жариялайтын желі қолданушыларының арасында Айнұр Асенберді атты журналисттің әлеуметтік желідегі парақшаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Құжаттар
Баспасөз-хабарлама Паспорт бюджетной программы 0005 ГУ"Управление по делам религий" города Астаны 001«Услуги по реализации государственной политики в области религиозной деятельности на местном уровне» на 2026- 2028 годы
4-қосымшаБюджеттік өтінімді жасау,ұсыну, қарауқағидаларына Нысан Бюджеттік бағдарлама төлқұжаты 0005 "Дін істері жөніндегі басқармасы" Астана қаласының ММ 001«Жергілікті деңгейде діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 2026-2028 жылдарға арналған Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы 001-«Жергілікті деңгейде діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» Мемлекеттік орган функциясының (функцияларының) коды және атауы (мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне сәйкес) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды және атауы (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес) 02102101 Сипаттамасы (негіздеме), оның ішінде ағымдағы мәртебесі Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының аппаратын ұстау, оған жүктелген функцияларды штат саны шегінде орындау мақсатында Бюджеттік бағдарлама мыналардың негізінде жоспарланады -ҚР 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексі (168-баптың 8-тармағы); -ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 дсп «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» қаулысы; ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 654 дсп «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» қаулысы; -2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге, ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысы; -ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңы; -ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» Заңы; -ҚР 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексі; -ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы; -Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы (27-бап); - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы №274 «Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есебін жасау, ұсыну, қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы; -ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдармен, кеңсе керек-жарақтарымен және шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығы Бюджеттік бағдарлама арқылы жобалар іске асырылады/көзделген және т.б. - жобаларды іске асыру көзделмеген Бағдарламаны іске асыру мыналарға мүмкіндік береді Осы бюджеттік бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің, техникалық персоналдың 11 бірлік штат санына (ЕҚТ) еңбекақы төлеу, өзге де қорларды сатып алу, байланыс қызметтері, әкімшілік үй-жайды жалдау ақысын төлеу, аппаратты қамтамасыз ету үшін қызметтер мен жұмыстар, негізгі құралдарға қызмет көрсету және өзге де шығыстар жүзеге асырылады. Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің нысаналы индикатордан ауытқуы -ауытқулар жоқ Нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеу себептері-жоқ Бюджеттік бағдарламаның түрі: мазмұнына байланысты Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана іске асыру тәсіліне байланысты Жеке ағымдағы/даму Ағымдағы мың теңге Көрсеткіштердің атауы 2024 жылғы факт Ағымдағы 2025 жылдың жоспары Жоспарлы кезең Бекітілген Нақтыланған 2026 ж. 2027 ж. 2028 ж. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарының, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызмет көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттардың нысаналы индикаторы: Жүктелген функцияларды штат саны шегінде орындау мақсатындааппаратты ұстау-11 бірл. 11 11 11 11 11 11 Түпкілікті нәтижелер: Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік көрсет
Баспасөз-хабарлама Астана қ. 3690005 "Дін істері басқармасы" ММ бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы жинақталған жиынтық ақпарат Жоспарлы кезең 2026-2028 жылдар
3-қосымша Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларына Нысан Астана қ. 3690005 "Дін істері басқармасы" ММ бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы жинақталған жиынтық ақпарат Жоспарлы кезең 2026-2028 жылдар мың теңге Көрсеткіштердің атауы 2024 жылғы факт 2025 жылғы есепті кезең Жоспарлы кезең Бекітілген Нақтыланған 2026 жыл 2027 жыл 2028 жыл Нысаналы индикаторға немесе жоғары тұрған құжаттардан туындайтын қойылған міндетке қол жеткізу үшін қажеттіліктің жалпы сомасы. 873 177,1 1 044 006 1 197623 1 264 615 936 979 981 468 Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстары лимиттерінің жалпы сомасы, оның ішінде: 1114 565 936 979 981 468 - тұрақты сипаттағы сөзсіз базалық шығыстар 439 938 459 636 480 251 - жаңа бастамаларға арналған шығыстар - макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен құзыреттердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көлемін кеңейту) көздейтін сөзсіз базалық шығыстарды ұлғайту 641,0 679,0 720,0 - Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына резервті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін немесе жергілікті атқарушы органның резервін қалыптастыру * Жалпы қажеттілік сомасының жеткізілген лимиттер сомасынан айырмасы 150 050 Бюджеттік бағдарламалардың жалпы саны, оның ішінде: 3 3 3 3 3 3 - ағымдағы бюджеттік бағдарламалар 3 3 3 3 3 3 - бюджеттік даму бағдарламалары Нысаналы индикаторлардың жалпы саны Түпкілікті нәтижелердің жалпы саны 3 3 3 3 3 3 Басқарма басшысы Көшқали Қ. Әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы Саргубенов М.
Баспасөз-хабарлама Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің паспорты 369 0005 "Дін істері жөніндегі басқармасы" ММ Астана қ. 2026-2028 жылдарға арналған
2-қосымшаБюджеттік өтінімді жасау,ұсыну, қарауқағидаларына Нысан Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің паспорты 369 0005 "Дін істері жөніндегі басқармасы" ММ Астана қ. 2026-2028 жылдарға арналған Жетекшілік ететін саладағы/аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары: "Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Басқарма) Астана қаласының аумағында дін саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2 Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің нормативтік-құқықтық негізі: - ҚР 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексі (168-баптың 8-тармағы); -ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 дсп "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін жұмыскерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" қаулысы; ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 654 дсп "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін жұмыскерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" қаулысы; -2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулы; -ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңы; -ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі" Кодексі; -ҚР 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексі; -ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңы; -Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы (27-бап); - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы №274 "Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есебін жасау, ұсыну, қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығы; -ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдармен, кеңсе тауарларымен және шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" бұйрығы -ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңы. - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы 3 Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің мақсаттары мен нысаналы индикаторлары немесе функциялары, өкілеттіктері мен құзыреттері туралы мәліметтер: Жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін аппараттың қызметін қамтамасыз ету, Басқарма аппаратының қызметін негізгі құралдармен қамтамасыз ету, Астана қаласындағы діни ахуалды зерделеу және талдау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу. ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекіту жөніндегі Астана қаласы әкімдігінің жобаларын әзірлеу, конфессияаралық келісім мен толеранттылықты түсіндіру және насихаттау жөніндегі шаралар, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттар туралы тоқсан сайынғы жиынтық ақпараттарды қала әкіміне дайындау Астана қаласы. "Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы" ММ Функциялары - қаладағы діни ахуалды зерделеу және талдау, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы өңірлік және халықаралық байланыстарды кеңейту және жақын және алыс шетелдердің тәжірибесін зерделеу, діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, діни бірлестіктер құрудың бастамашы-азаматтарының тізімдеріне тексеру жүргізу, миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді жүргізу, дін саласындағы ҚР заңнамасының бұзылуы анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және оларды одан әрі сот органдарына беру, ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізу, діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, ғибадат ғимараттарын (құрылыстарын) салу, олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешім қабылдау, ҚР "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңында көзделген талаптардың сақталуын бақылау. Өкілеттіктері-мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу, "Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы" ММ құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың жұмыскерлерін қатысуға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру, дін саласындағы көпжақты байланыстарды дамыту. Міндеттері конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау, дін саласындағы және конфессиялық қатынастарды нығайтудағы жергілікті атқарушы биліктің барлық құрылымдарының бірыңғай стратегиясын және келісілген өзара іс-қимылын қалыптастыру, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру саласында болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарының, қызмет нәтижелерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттардың тізбесі: Функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді немесе Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға жоспарланатын шығыстар көлемінің қысқаша сипаттамасы: Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жоспарлы кезеңге арналған шығыстарының жалпы сомасы: 369001015 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі қызметтер" Аппаратты ұстауға және оның жұмыс істеуіне арналған шығыстар сомасы 2026 жыл-164 938,0 мың теңге 2027 жыл-118 386,0 мың теңге 2028 жыл-121 938,0 мың теңге 369003015 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" Жүктелген міндеттерді орындау үшін аппараттың материалдық-техникалық базасын құруға және нығайтуға арналған шығыстар сомасы 2026 жыл -641,0 мың теңге 2027 жыл-679,0 мың теңге 2028 жыл-720,0 мың теңге 369005015 "Өңірдегі діни ахуалды зерделеу және талдау" Референттік топтар өкілдерінің кемінде 100%-ын жыл сайын ақпараттық-түсіндіру жұмысымен қамтуға, сонда тыс.тенге Факт 2024 год Отчетный период 2025 года Плановый период Утвержденный Уточненный 2026 г. 2027 г. 2028 г. 873 177,1 1 044 006 1 197 623,0 1 264 615,0 936 979 981468