Ақмола облысы Степногорск қаласы Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Степногорск қаласы әкімінің, Степногорск қалалық мәслихатының 1998 жылғы 13 қарашадағы бірінші шақырылған жиырма сегізінші (кезектен тыс) сессиясының шешімімен Қарабұлақ ауылдық округі құрылды. Степногорск қаласы әкімінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № а-17/604 қаулысымен және Степногорск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-3/9 шешімімен Қарабұлақ ауылдық округінің санаты Қарабұлақ ауылына ауыстырылды. "Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауыл әкімінің қызметін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Ауыл әкімі аппаратының негізгі міндетті ақпараттық-аналитикалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық ауыл әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарыңыз–мүмкіндіктеркөп, таңдау мол «БЖЗҚ» АҚ«Ашық есік күніне» шақырады 2026 жылғы 2 желтоқсандасағат 10-00, 12-00 және 15-00«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор)барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күні» дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. «Зейнетақы жинақтарыңыз–мүмкіндіктеркөп, таңдау мол» тақырыбындағыкездесуде Қор мамандары зейнетақы заңнамасындағы өзекті өзгерістер, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын басқару және пайдалану мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат береді. Қазақстанның зейнетақы жүйесі дамып, заңнама жетілдірілген сайын азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мәселелеріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін тетіктер де кеңейіп келеді. Бүгінде салымшылар өз жинақтарын толық немесе ішінара жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. Сондай-ақ қаржылық мақсаттарына, инвестициялау мерзіміне және тәуекелге дайындығына қарай өздеріне қолайлы инвестициялық портфельді таңдауына, белгіленген талаптарды сақтай отырып, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуына, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалануына болады. Азаматтардың өз зейнетақы құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсы түсініп, зейнетақы жинақтарын басқарудың түрлі құралдарының ерекшеліктерінен хабардар болуы және саналы шешім қабылдауы маңызды. Осы мақсатта БЖЗҚ сіздерді «Ашық есік күніне» қатысуға шақырады. Кездесу барысында Қор мамандары қажетті ақпарат беріп, қолданыстағы тәртіптерді түсіндіреді және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап береді. Кездесу барысында сіздер: ·зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қандай өзгерістер енгізілгенін; ·салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай құралдарды пайдалана алатынын; ·басқарушы компания мен инвестициялық портфельді қалай таңдау керектігін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру тәртібін; ·басқарушы компанияны таңдау кезінде өз бетінше талдау жүргізу үшін салымшыларға қандай ақпарат қолжетімді екенін; ·зейнетақы активтерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылғанын; ·зейнетақы аннуитеті дегеніміз не, оны кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алатынын; ·тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын қандай талаптар мен шарттар негізінде пайдалануға болатынын біле аласыздар. Іс-шара онлайн форматта өтеді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан қажетті түсіндірмелер мен жеке кеңесала алады. Мұндай форматтың басты артықшылығы – әлемнің кез келген нүктесінен онлайн қосылып, өзекті ақпаратты тікелей мамандардан алу мүмкіндігі. Айта кетейік, БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі.Биылғы9 айда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 44,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оларға 880,1 мың адам қатысты. Кезекті «Ашық есік күні» – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жалғасы. Бұл іс-шара салымшылар үшін де, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты тақырыптарды ақпараттық кеңістікте жариялап жүрген журналистер үшін де пайдалы болады деп сенеміз. Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Белгіленген уақытта төмендегі сілтеме арқылы онлайн-кездесуге қосылуларыңызды сұраймыз: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m9f86897f66e7e4892e720674c8170091 Event-кеңес нөмірі:2519 090 7470. Event-кеңестің құпиясөзі:1234. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді 2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қарашаға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен97,52млн АҚШ долларына 435 046 алушыға төлем жасалды. Оның ішінде286 548алушығажалпы сомасы63,82млн АҚШ долларытұрғын үй жағдайларын жақсартуға, ал148 498 алушыға 33,69 млнАҚШ долларыбілім алуға ақы төлеу үшін аударылды. 2026 жылдың басынан бастап 1 қарашадағы жағдай бойынша НЖ төлемдерін жалпы сомасы66,24млн АҚШ долларына239 649қазақстандықалды. Бұл ретте164 543алушығатұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында44,39млн АҚШ долларынанастам, ал75 106алушығабілім беру ақысын төлеуге21,85млн АҚШ долларыаударылды. Қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Тұрғын үй жағдайларын жақсартубағытында ең көп сұранысқа ие болған мақсат — тұрғын үй құрылыс жинақтарына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру. Осы мақсат бойынша162 626алушығажалпы сомасы 43,73 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу мақсатында 1001 жас қазақстандыққа 244,20 мың АҚШ доллары, ал азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) мақсатында 576 қазақстандыққа 141,19 мың АҚШ доллары төленді. Нысаналы жинақтарды білім алуға пайдалану бағытында қаражаттың ең көп көлемі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеуге бағытталды. Төлемдер әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде жүзеге асырылады. Осы бағыт бойынша 70 655 азаматқа жалпы сомасы шамамен 20,62 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүргізілді. Мына бағыттар да сұранысқа ие болды: білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыруға 3 287 алушыға жалпы сомасы 868,14 мың АҚШ доллары аударылды. Ал шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы бойынша бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде 1 071 азаматқа 282,76 мың АҚШ доллары бағытталды. Еске салайық, нысаналы талаптарды есептеу нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда тоқтатылады. Нысаналы талаптарға қатысушының/нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болуына байланысты нысаналы талаптарды/нысаналы жинақтарды алу үшін олардың мұрагерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен БЖЗҚ-ға жүгіне алады. 2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мұрагерлерге жалпы сомасы 80,55 мың АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Бұл қаражатты 249 азамат алды. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегітолық ақпаратпенenpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын. 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі. Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) : - үшінші жыл - 370 доллар 56 цент; - екінші жыл - 263 доллар 93 цент; - бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент. 18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады. Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет: -eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер"; -екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер". Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар: ·"Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу), ·"Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу), ·"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу). Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуғапайдаланужөніндегістатистикаменenpf.kz сайтында танысуға болады. kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады: «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0 «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0 «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша «Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе?

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе? БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сауалдар мен жауаптар 1. Алаяқтар қандай негізгі айла-тәсілдерді қолдануы мүмкін? «Қайта есептеу», «жарналардың түспеуі», «сізге тиесілі төлем» және электрондық кезекті брондау туралы қоңыраулар мен хабарламалар Алаяқтар өздерін БЖЗҚ қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон соғады немесе мессенджерлер арқылы хабарлама жібереді. Олар салымшының шотына зейнетақы жарналары түспей жатқанын немесе, керісінше, азаматқа жаңа зейнетақы төлемі не қосымша үстемеақы тағайындалғанын, қайта есептеу жүргізілгенін айтып сендіруге тырысады. Жарналардың аударылмау себептерін анықтау немесе төлемді рәсімдеу сылтауымен жалған қызметкерлер жеке деректеріңізбен бөлісіп,бөлімшелергеэлектрондық кезек брондау үшін SMS-хабарлама арқылы келген кодты айтуды сұрайды. Шоттардың бұғатталғаны туралы жалған ақпарат Алаяқтар компаниялардың қызметкерлеріне немесе бухгалтерлеріне хабарласып, зейнетақы шотының бұғатталғанын (мысалы, транзиттік шоттарға тыйым салынуына байланысты) мәлімдеуі мүмкін. Содан кейін жәбірленушіні «сот орындаушыларына» бағыттап, жоқ шектеулерді алып тастау үшін айыппұл ретінде ақша аударуды талап етеді. Зейнетақы жинақтарын сыйақы үшін қолма-қол ақшаға айналдыру туралы ұсыныстар Делдалдар тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында, сондай-ақ жинақтарды инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аудару желеуімен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шығарып беруді ұсынады. Бұл ретте олар көрсететін қызметтері үшін алдын ала төлем жасауды және/немесе банк шотының деректемелерін беруді сұрауы мүмкін. Жасанды интеллект технологияларын пайдалану Алаяқтар жасанды интеллект технологияларын да қолданады. Мысалы, жалған сайттар жасайды, адамның дауысын қолдан жасап, жалған аудио және бейнематериалдар әзірлейді. 2. Дербес деректер мен зейнетақы жинақтарын алаяқтардан қалай қорғауға болады? БЖЗҚ қызметкерлері ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрамайтынын, SMS-кодтарды немесе парольдерді айтуды, сондай-ақ қандай да бір шотқа ақша аударуды талап етпейтінін есте ұстаған жөн. Зейнетақы жинақтарын тек заңнамада көзделген жағдайларда ғана алуға болады. Бұл ретте ешқандай делдалдың көмегіне жүгінудің қажеті жоқ. Кез келген ақпаратты тек БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайты немесе Қордың ресми байланыс арналары арқылы тексеру қажет. Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға хабарласқан жөн. Сондай-ақ Қор қызметкерлері зейнетақы жинақтарын аударуға, инвестициялауға, қандай да бір акциялар мен қаржы құралдарын сатып алуға шақыратын түрлі бейнероликтерге қатыспайтынын ескерген жөн. 3. БЖЗҚ қызмет көрсеткені үшін ақы ала ма? БЖЗҚ ескертеді: ·Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу делдалсыз және комиссиясыз жүзеге асырылады. ·Қорқызмет көрсеткені үшін ақы алмайды,барлық төлемдер заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 4. Әлеуметтік желілердегі зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аудару, түрлі облигациялар мен акцияларға инвестициялау, қаржылық операциялар жүргізу немесе ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын соманы шешіп алу бойынша делдалдық қызметтер туралы хабарландыруларға сенуге бола ма? Зейнетақы активтерін әдепкі тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі инвестициялық басқаруға алады. Ол зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқарушы ретінде Инвестициялық декларацияға сәйкес түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Ұлттық Банктен бөлек, салымшының таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) да басқара алады.Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударуды салымшы тек өз қалауымен жүзеге асыра алады. Ол үшін enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасына электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланып кіруге не БЖЗҚ бөлімшесіне жүгінуге болады. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында пайдалану тек уәкілетті операторлар (екінші деңгейдегі банктер) арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл үшін де делдалдардың көмегіне жүгінудің қажеті жоқ. 5. Делдалдар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына балалар туралы мәліметтерді енгізуге немесе осы бағдарлама аясындағы нысаналы жинақтарды алу бойынша көмектерін ұсынады. Олардың қызметіне жүгінген дұрыс па, бағдарламаға қатысу үшін ақы төлеу қажет пе? Балаларға нысаналы талаптарды есептеу үшін олар туралы мәліметтерді мемлекеттік дерекқорға енгізу ақылы емес. Бұл мәселеде делдалдардың көмегіне жүгінудің мүлде қажеті жоқ. Ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері балалар туралы мәліметтердің бар-жоғын, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН-і мен туған күні туралы деректердің дұрыстығын өз бетінше тексере алады. Егер мәліметтер жоқ болса немесе қателер анықталса, ата-аналар цифрлық құжаттарын жаңартуы, мемлекеттік дерекқорлардағы мәліметтердің дұрыстығын тексеруі немесе тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет. Сондай-ақ, 18 жасқа толған азаматтарға нысаналы жинақтарын алу үшін делдалдардың көмегі қажет емес. Олар білім алуға ақы төлеу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында уәкілетті оператор банктер арқылы өтінімді өз бетінше бере алады. Нысаналы жинақтарды алу рәсімі тегін. Бұл үшін делдалдардың қызметіне жүгінудің қажеті жоқ. Қосымша ақпарат пен өзіңізді қызықтырған сұрақтарға жауаптыkids.enpf.kzсайтынан немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың екінші жартыжылдығында ауыл әкімі халықпен тұрақты кездесулер барысында берген тапсырмаларының тізімі

    БЕКІТЕМІН Қарабұлақ ауылының әкімі _____________М.Б. Исмағұлов «___» ______________ 2026жыл 2026жылдыңекіншіжартыжылдығында ауыл әкімі халықпен тұрақты кездесулер барысында берген тапсырмаларының тізімі р/с № Тапсырма Орындалу мерзімі Жауапты орындаушылар Орындау Қарабұлақ ауылы 1. Ақан сері және Абай Құнанбаев көшелерінің арасындағы өтпе жолды асфальттау. 2027 Ажкенова А.Е. Еркетаева А.К. 2025 жылы автомобиль жолдарын жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, оған аталған өтпе жол енгізілді. Қазіргі уақытта жоба ведомстволық сараптамадан өтуде. Тиісті қаржыландыру бөлінген жағдайда, жөндеу жұмыстарын 2027 жылы жүргізу жоспарлануда. 2. Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында Қарабұлақ ауылында спорт залын салу. 2027 Ажкенова А.Е. Еркетаева А.К. 2027 жылы бюджетті нақтылау барысында Қарабұлақ ауылында спорт залын салуға тиісті бюджеттік өтінім беріледі.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың екінші жартыжылдығында Степногорск қаласының әкімі Ерсеитов Талғат Аманбайұлының Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесуі.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Степногорск қаласының әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлының 2026 жылдың екінші жартыжылдығыеда халықпен тұрақты кездесулерінің кестесі

    Жарияланды: