Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

    Ақмола облысы Степногорск қаласы Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Зейнетақы жинақтарыңыз–мүмкіндіктеркөп, таңдау мол

    «БЖЗҚ» АҚ«Ашық есік күніне» шақырады

    2026 жылғы 2 желтоқсандасағат 10-00, 12-00 және 15-00«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор)барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күні» дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. «Зейнетақы жинақтарыңыз–мүмкіндіктеркөп, таңдау мол» тақырыбындағыкездесуде Қор мамандары зейнетақы заңнамасындағы өзекті өзгерістер, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын басқару және пайдалану мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат береді.

    Қазақстанның зейнетақы жүйесі дамып, заңнама жетілдірілген сайын азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мәселелеріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін тетіктер де кеңейіп келеді. Бүгінде салымшылар өз жинақтарын толық немесе ішінара жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. Сондай-ақ қаржылық мақсаттарына, инвестициялау мерзіміне және тәуекелге дайындығына қарай өздеріне қолайлы инвестициялық портфельді таңдауына, белгіленген талаптарды сақтай отырып, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуына, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалануына болады.

    Азаматтардың өз зейнетақы құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсы түсініп, зейнетақы жинақтарын басқарудың түрлі құралдарының ерекшеліктерінен хабардар болуы және саналы шешім қабылдауы маңызды. Осы мақсатта БЖЗҚ сіздерді «Ашық есік күніне» қатысуға шақырады. Кездесу барысында Қор мамандары қажетті ақпарат беріп, қолданыстағы тәртіптерді түсіндіреді және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап береді.

    Кездесу барысында сіздер:

    ·зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қандай өзгерістер енгізілгенін;

    ·салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай құралдарды пайдалана алатынын;

    ·басқарушы компания мен инвестициялық портфельді қалай таңдау керектігін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру тәртібін;

    ·басқарушы компанияны таңдау кезінде өз бетінше талдау жүргізу үшін салымшыларға қандай ақпарат қолжетімді екенін;

    ·зейнетақы активтерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылғанын;

    ·зейнетақы аннуитеті дегеніміз не, оны кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алатынын;

    ·тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын қандай талаптар мен шарттар негізінде пайдалануға болатынын біле аласыздар.

    Іс-шара онлайн форматта өтеді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан қажетті түсіндірмелер мен жеке кеңесала алады. Мұндай форматтың басты артықшылығы – әлемнің кез келген нүктесінен онлайн қосылып, өзекті ақпаратты тікелей мамандардан алу мүмкіндігі.

    Айта кетейік, БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі.Биылғы9 айда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 44,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оларға 880,1 мың адам қатысты. Кезекті «Ашық есік күні» – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жалғасы.

    Бұл іс-шара салымшылар үшін де, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты тақырыптарды ақпараттық кеңістікте жариялап жүрген журналистер үшін де пайдалы болады деп сенеміз.

    Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

    Белгіленген уақытта төмендегі сілтеме арқылы онлайн-кездесуге қосылуларыңызды сұраймыз:

    https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m9f86897f66e7e4892e720674c8170091

    Event-кеңес нөмірі:2519 090 7470 .

    Event-кеңестің құпиясөзі:1234 .

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    5cef7d0b99cd26cf9d7fc8aa490d07a29f46b9e801ef59225f458012a159a982_original.80384.doc
    DOC · 79 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді 2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қарашаға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысана...

    Қарабұлақ ауылы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе?

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе? БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сауалдар мен жауаптар 1. Алаяқтар қандай негізгі...

    Қарабұлақ ауылы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың екінші жартыжылдығында ауыл әкімі халықпен тұрақты кездесулер барысында берген тапсырмаларының тізімі

    БЕКІТЕМІН Қарабұлақ ауылының әкімі _____________М.Б. Исмағұлов «___» ______________ 2026жыл 2026жылдыңекіншіжартыжылдығында ауыл әкімі халықпен тұрақты кездесулер барысында берген тапсырмаларының тізімі р/с № Тапсырм...

    Қарабұлақ ауылы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың екінші жартыжылдығында Степногорск қаласының әкімі Ерсеитов Талғат Аманбайұлының Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесуі.

    Қарабұлақ ауылы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Степногорск қаласының әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлының 2026 жылдың екінші жартыжылдығыеда халықпен тұрақты кездесулерінің кестесі

    Қарабұлақ ауылы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін ба...

    Қарабұлақ ауылы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы...

    Қарабұлақ ауылы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағда...

    Қарабұлақ ауылы әкімінің аппаратыЖарияланды: