Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

    Басқарма туралы

    Миссиясы: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
    Міндеттері: облыс аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды, лицензиялауды және аттестаттауды жүзеге асыру; облыс аумағында салынып жатқан объектілерді инспекциялауды жүргізу.
    Функциялары: салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингін жүргізу; объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау; техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізу; жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану; сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу; Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мен тұрғын үй құрылысы туралы заңнамалық акті талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама қалай беріледі? Беру кезінде қандай құжаттарды жіберу қажет?

    Жауап

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама elicense.kz. порталы арқылы беріледі. Бұл порталда толтыруға қажетті талаптар көрсетілген құрылыс-монтажды бастау туралы хабарламаны толтыру нысандары бар. Өтініш беру үшін келесі құжаттар қажет (заңды, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін): Скан. сараптаманың оң қорытындысының көшірмесі; Скан. жер учаскесін таңдау актісінің көшірмесі; Порталда толтыруға арналған 2 нысан бар: Жаңа объектіні салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлама; Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама. Хабарлама дұрыс толтырылған жағдайда, қабылдау туралы талон Жүйемен автоматты түрде беріледі.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

    Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

    Жарияланды:
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі.

    Жарияланды:
    Кесте

    2026 жылдың 4-тоқсанында «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ азаматтарды қабылдау кестесі

    Азаматтарды қабылдау кестесі

    Жарияланды:
    Басқа

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС КОДЕКСІ

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС КОДЕКСІ Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі.

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы № 365

    Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы № 365 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 шілдедегі № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 шілдеде № 39327 болып тіркелді

    Жарияланды:
    Кесте

    2026 жылдың 3-тоқсанында «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ азаматтарды қабылдау кестесі

    Азаматтарды қабылдау кестесі

    Жарияланды: