Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама қалай беріледі? Беру кезінде қандай құжаттарды жіберу қажет?

    ·
    Сұрақ

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама қалай беріледі? Беру кезінде қандай құжаттарды жіберу қажет?

    Жауап

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама elicense.kz. порталы арқылы беріледі.

    Бұл порталда толтыруға қажетті талаптар көрсетілген құрылыс-монтажды бастау туралы хабарламаны толтыру нысандары бар.

    Өтініш беру үшін келесі құжаттар қажет (заңды, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін):

    Скан. сараптаманың оң қорытындысының көшірмесі;
    Скан. жер учаскесін таңдау актісінің көшірмесі;

    Порталда толтыруға арналған 2 нысан бар:

    • Жаңа объектіні салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлама;
    • Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама.


    Хабарлама дұрыс толтырылған жағдайда, қабылдау туралы талон Жүйемен автоматты түрде беріледі.