Жамбыл ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Жамбыл ауданының әкімдігі бұл аудан әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде Жамбыл ауданының аумағында жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын жергілікті алқалы атқарушы орган.

    Ауданның 61 елді мекені 24 ауылдық округке біріктірілген.

    Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты – аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек кімге көрсетіледі?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23112 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді. АӘК мыналарға тағайындалмайды: 1) жан басына шаққандағы орташа табысы (23 112 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға); 2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы; 3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы; 4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы; 5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қалай анықталады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес, адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа кіріс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада отбасының әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді.

    Сұрақ

    Баспанаға кезекке тұру тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі -Заң) 71-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармақшасына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды бөлек тізім бойынша есепке алады: - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; - Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; -"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға -Халықтың әлеуметтiк аз қамтылған топтарына -Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; -Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, көпбалалы аналарға, жетімтер мен ата-ана қамқорлығынсыз өскен балаларға бірінші кезекте алуға кепілдік береді.

    Шешім

    Сайлау учаскесінің орталығын уақытша ауыстыру туралы

    Сайлау учаскесінің орталығынуақытша ауыстыру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ: 1. №301 сайлау учаскесінің «Еңбекшиарал ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Еңбекшиарал ауылы, Көкбастау көшесі № 1а мекен-жайында орналасқан орталығын Сарыбай би ауылы, Қарасу көшесі № 205 мекен-жайында орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарыбай би ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша ауыстырылсын. 2. Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы № 301 сайлау учаскесінің орталығын ауыстыру туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткізуді қамтамасыз етсін. 3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы О. Сарсеновке жүктелсін. Аудан әкіміН. Ертас Ұзынағаш ауылы 2026 жыл 6 қараша №11-20

    Жарияланды:
    Шешім

    Сайлау учаскесінің орталығын уақытша ауыстыру туралы

    Сайлау учаскесінің орталығынуақытша ауыстыру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ: 1. № 317 сайлау учаскесінің «Үлгілі ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Үлгілі ауылы, Жамбыл көшесі № 5а мекен-жайында орналасқан орталығын Үлгілі ауылы, Жамбыл көшесі № 5В мекен-жайында орналасқан «Үлгілі ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына уақытша ауыстырылсын. 2. Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы № 317 сайлау учаскесінің орталығын ауыстыру туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткізуді қамтамасыз етсін. 3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы О. Сарсеновке жүктелсін. Аудан әкіміН. Ертас Ұзынағаш ауылы 2026 жыл 6 қараша №11-21

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Жамбыл ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй жайлар беру туралы» Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 256 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    231936_kaz_20261104.pdf

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Жамбыл ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 391 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    231863_kaz_20261104.pdf

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Жамбыл ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 391 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    231606_kaz_20261104.pdf

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысының Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы хабарламасы

    Жамбылауданының аумақтық сайлау комиссиясының №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысының Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттытіркеу туралы шешімнің күшін жою туралыхабарламасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-бабы 6-1-тармағының 3-)-тармақшасы, 105-бабы 1-тармағының 2-абзацына сәйкес 2026 жылғы 03 қарашадағы округтік сайлау комиссиясының 1963 жылы туылған Чыныкулов Бүғыбай Арықбекұлын №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысының Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы шешімнің күші жойылды.

    Жарияланды: