Сайлау учаскесінің орталығын
уақытша ауыстыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. № 317 сайлау учаскесінің «Үлгілі ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Үлгілі ауылы, Жамбыл көшесі № 5а мекен-жайында орналасқан орталығын Үлгілі ауылы, Жамбыл көшесі № 5В мекен-жайында орналасқан «Үлгілі ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына уақытша ауыстырылсын.
2. Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы № 317 сайлау учаскесінің орталығын ауыстыру туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы О. Сарсеновке жүктелсін.
Аудан әкіміН. Ертас
Ұзынағаш ауылы
2026 жыл 6 қараша
№11-21