Райымбек ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Райымбек ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі Райымбек ауданы әкімінің қызметін ақпараттық- талдау, ұйымдастырушылық- құқық және материалдық- техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    «Райымбек ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы облысы әкімдігінің қаулылырына, Алматы облысы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Баспана кезегін электронды түрде қалай қадағалауға болады?

    Жауап

    1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде – тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде белгіленген олардың кезектілігін көрсете отырып жариялауға міндетті. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.

    ·
    Сұрақ

    Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік гранттарды мемлекет «Бизнес жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері (Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы) арқылы береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар гранттар беруге арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады. Конкурс бюджет қаражаты болған жағдайда жылына кемінде 2 рет өткізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі облыстың өңірлік апта сайынғы баспа басылымында бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн теңгеден 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды.

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек кімге тағайындалады?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23112 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді. АӘК мыналарға тағайындалмайды: 1) жан басына шаққандағы орташа табысы (23 112 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға); 2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы; 3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы; 4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы; 5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

    ·
    Сұрақ

    Жайылымға және егістікке жер бөлінеді ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 - бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру осы Кодекстің 43-1 бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады. Жергілікті атқарушы органдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады. Жоғарыда аталған жер заңнамалары талаптарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде беріледі.

    ·
    Ақпарат

    Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ШЕШІМІ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 26 «Алматы облысы Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы Райымбек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы

    Алматы облысы Райымбек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 26-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Алматы облысы Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Райымбек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі дауыс беру күнін қоспағанда, үзіліссіз және демалыссыз сағат 08.00-ден бастап 17.30 дейін бекітілсін. Осы қаулы Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет ресурсында жариялансын. Төраға С.Сатылганов Хатшы А.Жанахметова Нарынқол ауылы 2026 жылғы 02 шілде №31

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы Райымбек ауданының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2027-2029 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру сатысындағы азаматтық бюджеті

    Гражданский бюджет администраторов бюджетных программ Райымбекского района Алматинской области на стадии формирований бюджета на 2027-2029 годы Наименование АБП Ссылка(портал Открытые бюджеты) 1) Аппарат маслихата Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4292772&govAgencyId=4471740 2) Аппарат акима Жамбылского сельского округа Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4316408&govAgencyId=4353330 3) Аппарат акима Нарынкольского сельского округа Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4315806&govAgencyId=4875220 4) Аппарат акима Сарыжазского сельского округа Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4315979&govAgencyId=5308069 5) Аппарат акима Сумбинского сельского округа Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4316740&govAgencyId=4770616 6) Аппарат акима Текесского сельского округа Райымбекского района 7) Аппарат акима Какпакского сельского округа Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4315455&govAgencyId=5308455 8) Аппарат акима Карасазского сельского округа Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4316951&govAgencyId=5229984 9) Аппарат акима Узак батырского сельского округа Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4323588&govAgencyId=4779378 10) Аппарат акима Кайнарского сельского округа Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4316969&govAgencyId=4779376 11) Аппарат акима Шалькудинского сельского округа Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4316421&govAgencyId=4779377 12) Аппарат акима Тегистикского сельского округа Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4040237&govAgencyId=5308500 13) Аппарат акима района Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4318650&govAgencyId=4379575 14) Отдел экономики и финансов Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=3907513&govAgencyId=4379575 15) Отдел занятости и социальных программ Райымбекского района https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=4353330&budgetId=4322715 16) Отдел ЖКХ и жилищной инспекции Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4323232&govAgencyId=4779377 17) Отдел пассажирского транспорта, автомобильных дорог Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4323025&govAgencyId=4779377 18) Отдел внутренней политики,культурыРайымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4321108&govAgencyId=4353330 19) Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4321278&govAgencyId=4353330 20) Отдел земельных отношений Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4322997&govAgencyId=4353330 21) Отдел строительства Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4323600&govAgencyId=4779378 22) Отдел архитектуры и градостроительства Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4323242&govAgencyId=4779377 23) Отдел предпринимательства Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4323225&govAgencyId=4779377 24) Отдел сельскогохозяиства Райымбекского района https://budget.egov.kz/material/material?id=4323031&govAgencyId=4353330 Алматы облысыРайымбекауданыныңбюджеттікбағдарламаларәкімшілерінің 2027-2029жылдарғаарналғанбюджеттіқалыптастырусатысындағыазаматтықбюджеті ББӘ атауы Ссылка(портал Ашық бюджет) 1) Аудандық мәслихат аппараты https://budget.egov.kz/material/material?id=4292772&govAgencyId=4471740 2) Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты https://budget.egov.kz/material/material?id=4316408&govAgencyId=4353330 3) Нарынқол ауылдық округі әкімі аппараты https://budget.egov.kz/material/material?id=4315806&govAgencyId=4875220 4) Сарыжаз ауылдық округі әкімі аппараты https://budget.egov.kz/material/material?id=4315979&govAgencyId=5308069 5) Сүмбе ауылдық округі әкімі аппараты https://budget.egov.kz/material/material?id=4316740&govAgencyId=4770616 6) Текес ауылдық округі әкімі аппараты 7) Қақпақ ауылдық округі әкімі аппараты https://budget.egov.kz/material/material?id=4315455&govAgencyId=5308455 8) Қарасаз ауылдық округі әкімі аппараты https://budget.egov.kz/material/material?id=4316951&govAgencyId=5229984 9) Ұзақ батыр ауылдық округі әкімі аппараты https://budget.egov.kz/material/material?id=4323588&govAgencyId=4779378 10) Қайнар ауылдық округі әкімі аппараты https://budget.egov.kz/material/material?id=4316969&govAgencyId=4779376 11) Шәлкөде ауылдық округі әкімі аппараты https://budget.egov.kz/material/material?id=4316421&govAgencyId=4779377 12) Тегістік ауылдық округі әкімі аппараты https://budget.egov.kz/material/material?id=4040237&govAgencyId=5308500 13) Ауданәкімінің аппараты https://budget.egov.kz/material/material?id=4318650&govAgencyId=4379575 14) Ауданның экономика және қаржы бөлімі https://budget.egov.kz/material/material?id=3907513&govAgencyId=4379575 15) Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=4353330&budgetId=4322715 16) Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі https://budget.egov.kz/material/material?id=4323232&govAgencyId=4779377 17) Ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі https://budget.egov.kz/material/material?id=4323025&govAgencyId=4779377 18) Ауданныңішкісаясатбөлімі https://budget.egov.kz/material/material?id=4321108&govAgencyId=4353330 19) Ауданныңмәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі https://budget.egov.kz/material/material?id=4321278&govAgencyId=4353330 20) Ауданныңжерқатынастарыбөлімі https://budget.egov.kz/material/material?id=4322997&govAgencyId=4353330 21) Ауданныңқұрылысбөлімі https://budget.egov.kz/material/material?id=4323600&govAgencyId=4779378 22) Ауданныңсәулетжәнеқалақұрылысыбөлімі https://budget.egov.kz/material/material?id=4323242&govAgencyId=4779377 23) Ауданныңкәсіпкерлікбөлімі https://budget.egov.kz/material/material?id=4323225&govAgencyId=4779377 24) Ауданныңауылшаруашылығыбөлімі https://budget.egov.kz/material/material?id=4323031&govAgencyId=4353330

    Жарияланды: