Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

    ·
    Сұрақ

    Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік гранттарды мемлекет «Бизнес жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері(Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы)арқылы береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар гранттар беруге арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады. Конкурс бюджет қаражаты болған жағдайда жылына кемінде 2 рет өткізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі облыстың өңірлік апта сайынғы баспа басылымында бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн теңгеден 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Баспана кезегін электронды түрде қалай қадағалауға болады?

    Жауап

    1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде – тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаж...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек кімге тағайындалады?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23112 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады. Жан басына шаққандағ...

    ·
    Сұрақ

    Жайылымға және егістікке жер бөлінеді ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 - бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (ко...

    ·