Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы

    Басқарма туралы

    «Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін ұйымдастыруды, автомобиль жолдарын салу және жөндеу, жол инфрақұрылымы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының миссиясы:

    Үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес қолжетімді және қауіпсіз көлік жүйесін қалыптастыру.

    Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мақсаты:

    Алматы қаласы халқының мобилділігін арттыру.

    Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының міндеттері:

    • Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту;
    • Автомобиль жолдарында қауіпсіздік деңгейін көтеру;
    • Велосипед және жаяу жүргіншілер мобилділігін жасау;
    • Автотұрақ кеңістігінің жүйесін дамыту.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Хабарландыру

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

    «Алматы қаласының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылғы 10 қыркүйек пен 9 қазан аралығында басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізу жоспарланғанын хабарлайды: 1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін (қоса алғанда)ақпаратты [email protected]. электрондық поштасына жіберуді немесе Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4 мекенжайы бойынша қағаз түрінде ұсынуды сұраймыз. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі. Сұрақтар туындаған жағдайда 8(727)-225-12-75, 8(727)-225-12-71 телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

    Жарияланды: