Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

    Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы

    «Алматы қаласының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылғы 10 қыркүйек пен 9 қазан аралығында басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізу жоспарланғанын хабарлайды:

    1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ақпаратты [email protected]. электрондық поштасына жіберуді немесе Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4 мекенжайы бойынша қағаз түрінде ұсынуды сұраймыз.

    Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

    Сұрақтар туындаған жағдайда 8(727)-225-12-75, 8(727)-225-12-71 телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.