Қызметкерлер — Алматы қаласы спорт басқармасы

    Алматы қаласы спорт басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Нұрханұлы Дархан
    Басқарма басшысы

    Нұрханұлы Дархан

    Басқарма басшысы

    Дархан Нұрханұлы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің түлегі. Сонымен қатар, ол қаржы саласында орта білім мен заң саласында жоғары білім алған. Еңбек жолын 2011 жылы құрылыс компаниясында жұмысшы ретінде бастаған. Ол мемлекеттік құрылымдарда жетекші маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейін көтерілді. 2020-2021 жылдары ҚР Премьер-Министрінің әлеуметтік даму, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелері бойынша орынбасарының кеңесшісі болды. Кейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2022 жылы тамыз айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.

    Бөлім

    2

    Басқа қызметкерлер

    9
    Байтасов Есет Қалидоллаұлы
    Директор

    Байтасов Есет Қалидоллаұлы

    Директор ТОО "Дирекция спортивных сооружений"

    Байтасов Есет Қалидоллаұлы 1987 жылғы 4 ақпан, Ақтөбе облысы, Хобда ауданында дүниеге келген. Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған. Дене шынықтыру және спорт бакалавры, дене шынықтыру және спорт магистрі. PhD докторантураны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аяқтаған.

    Басқарма басшысының орынбасары

    Қазыбаев Еркін Абдрешбаевич

    Заместитель руководителя

    Еркін Қазыбаев 1985 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2024 жылы EMBA Sport Management білім беру бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін, сондай-ақ Францияның EKLORE School of Management оқу орнында EMBA Sport Management қос дипломды бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алған. Еңбек жолын 2006 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары №4 олимпиадалалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде нұсқаушы-әдіскер және директордың орынбасары, Алматы қаласы Спорт басқармасының Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде басшының орынбасары қызметтерін атқарған. 2020-2023 жылдары Спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжін, ал 2023-2025 жылдары Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебін басқарған. Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Алматы қаласы Спорт басқармасының №2 олимпиадалалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры қызметін атқарған. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгімен марапатталған. 2024 жылы мемлекеттік награда — «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.