Қазыбаев Еркін Абдрешбаевич

    Заместитель руководителя

    Басқарма басшысының орынбасары

    Қазыбаев Еркін Абдрешбаевич

    Заместитель руководителя

    Өмірбаян

    Еркін Қазыбаев 1985 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2024 жылы EMBA Sport Management білім беру бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін, сондай-ақ Францияның EKLORE School of Management оқу орнында EMBA Sport Management қос дипломды бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алған.

    Еңбек жолын 2006 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.

    Әр жылдары №4 олимпиадалалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде нұсқаушы-әдіскер және директордың орынбасары, Алматы қаласы Спорт басқармасының Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде басшының орынбасары қызметтерін атқарған.

    2020-2023 жылдары Спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжін, ал 2023-2025 жылдары Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебін басқарған.

    Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Алматы қаласы Спорт басқармасының №2 олимпиадалалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры қызметін атқарған.

    Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгімен марапатталған. 2024 жылы мемлекеттік награда — «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері