Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы аумағында діни қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Алматы қаласында әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратқан блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Заң бұзушылықты Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мониторинг жүргізу барысында анықтады. Осыған байланысты 2026 жылғы 24 шілдеде азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Әкімшілік іс жүргізу барысында азамат өз кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде іс қысқартылған тәртіппен қаралып, оған әкімшілік айыппұл салынды. Айта кету керек, бұған дейін аталған блогер сән көрсетілімі кезінде подиумға шыққан қыз балалар туралы жариялаған бейнеүндеуінен кейін қоғам назарын аударған болатын. Ол балалардың мұндай іс-шараларға қатысуын діни тұрғыдан сынға алған. Аталған жарияланым қоғамда түрлі пікірталас туғызды. Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы азаматтарды діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де материалдарды таратуға тек заңнамада белгіленген орындарда ғана жол беріледі. Атап айтқанда, мұндай материалдарды ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ орналасқан жерлерін жергілікті атқарушы органдар айқындайтын арнайы стационарлық үй-жайларда таратуға болады. Заң талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

    4 тамыз 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Миссионерлік қызметке тіркеу және қайта тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады. Миссионерлерді тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз ( https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020256 ). Тіркеуден өту үшін қайда жүгінуге болады? Алматы қаласында миссионерлік қызметті тіркеу және қайта тіркеу жұмыстарын Дін істері жөніндегі басқармасы жүзеге асырады. Өтініш беру тәртібі мен қажетті құжаттар тізімін нақтылау үшін келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 351-45-52.

    ·
    Сұрақ

    Діни бірлестік Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер кезінде тыныштықты бұзған жағдайда қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Егер діни бірлестік тарапынан түнгі уақыттағы тыныштықты сақтау талаптарының бұзылуына жол берілсе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы 1-тармағына сәйкес (Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы) , бұл құқық бұзушылық фактісі бойынша жауапкершілікке тартуды құқық қорғау органдары жүзеге асырады. Атап айтқанда, Сізге Алматы қаласының Полиция департаментіне жүгінуге кеңес береміз. Қалалық телефон арқылы 102 нөміріне немесе ұялы телефоннан 112 нөміріне қоңырау шалып, учаскелік полиция инспекторын шақыруыңызға болады. Қосымша түрде хабарлаймыз: шудың белгіленген нормадан асып кеткенін анықтау және тексеру санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының құзыретіне кіреді және әрбір нақты жағдайда жеке қарастырылады. Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығына» жүгініп, шудың рұқсат етілген деңгейге сәйкестігін анықтау мақсатында сараптама тағайындауға болады (сараптама қызмет алушының қаражаты есебінен жүргізіледі) .

    ·
    Сұрақ

    Діни әдебиетті интернет арқылы сатуға бола ма? Жалпы интернет арқылы сату үшін қандай талаптарды орындау қажет?

    Жауап

    Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды құлшылық ету орындарынан және діни оқу орындарынан тыс жерде, соның ішінде интернет пен әлеуметтік желілер арқылы тарату үшін жергілікті атқарушы органның келісімі қажет.Бұл талап Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 9-бабында көзделген. Белгіленген тәртіпті бұзу әкімшілік жауапкершілікке — айыппұл салуға дейін — әкеп соғуы мүмкін. Келісім алу үшін қайда жүгіну керек? Алматы қаласында бұл мәселеге қатысты Дін істері жөніндегі басқармасына жүгінуге болады. Өтініш беру тәртібі мен қажетті құжаттар тізімі жөнінде мына телефон арқылы нақтылауға болады: 351-45-52

    ·
    Ақпарат

    Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 3 тамыздан бастап Орталық қызметіндегі сыбайлас жеморлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; Орталықтың қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Жарияланды: