Миссионерлік қызметке тіркеу және қайта тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады. Миссионерлерді тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020256 ).
Тіркеуден өту үшін қайда жүгінуге болады?
Алматы қаласында миссионерлік қызметті тіркеу және қайта тіркеу жұмыстарын Дін істері жөніндегі басқармасы жүзеге асырады.
Өтініш беру тәртібі мен қажетті құжаттар тізімін нақтылау үшін келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 351-45-52.