Қызметкерлер — Павлодар облысының Әділет департаменті

    Павлодар облысының Әділет департаменті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Татаев Даниел Галиханович
    Басшы

    Татаев Даниел Галиханович

    Павлодар облысының Әділет департаменті басшысы

    ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ ЖӘНЕ БІЛІМІ Даниел Ғалиханұлы Татаев 1976 жылғы 22 қыркүйекте Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген. 1999 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін тәмамдаған. ЕҢБЕК ЖОЛЫ Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінде бастаған. Әділет органдарында әр жылдары ұйымдастыру-бақылау бағыты бойынша жетекші маманның міндетін атқарушы, Тіркеу қызметі комитетінде басқарма басшысының орынбасары, Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде басқарма басшысы, Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары, Мемлекеттік қызметті мониторингтеу және ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2017–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті Кадр жұмысы басқармасының басшысы болған. 2023–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Құжаттарды бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2026 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалған. МАРАПАТТАРЫ «II дәрежелі Заңгер» төсбелгісі (2012 жылғы 20 қараша); «Ерен еңбегі үшін» медалі (2016 жылғы 5 желтоқсан); «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2017 жылғы 24 тамыз); «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2020 жылғы 20 тамыз); Қазақстан Республикасы Әділет министрінің алғыс хаты (2025 жылғы 28 наурыз).

    Зияткерлік меншікТіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру

    Бөлім

    11
    Матаев Каирбек Мейрамович
    Филиалының аға сот орындаушысының бастығы

    Матаев Каирбек Мейрамович

    Павлодар облысы Әділет департаментінің «Екібастұз қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының аға сот орындаушысының басшысы

    Манкиева Аза Магомедовна
    Филиалының аға сот орындаушысының бастығы

    Манкиева Аза Магомедовна

    Павлодар облысы Әділет департаментінің «Павлодар қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының аға сот орындаушысы, басшысы

    Басқа қызметкерлер

    6
    Саменкулов Айдын Мухамеджанович
    Басшының орынбасары

    Саменкулов Айдын Мухамеджанович

    Павлодар облысы Әділет департаменті басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл

    Айдын Мұхамеджанұлы, 1984 жылы 1 шілдеде Жамбыл облысы Т.Рысқұлов (бұрынғы Луговой) ауданының Еңбекші ауылында дүниеге келген. 2001–2005 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы академиясында «Кеден ісі» мамандығы бойынша білім алып, қызмет өткерді. 2010 жылы Қазақстан-Ресей университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша аяқтап, «Әлеуметтік білімдер магистрі» дәрежесі берілді. 2025 жылдың қараша айында Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында орналасқан Брюссель Еркін университеті (Vrije Universiteit Brussel) жанындағы Брюссель дипломатиялық академиясында (Brussels Diplomatic Academy) дипломатия бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп, сәтті аяқтады. Еңбек жолы 2001–2005 жылдары Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды. 2005 жылдың қазанынан 2008 жылдың қазанына дейін Жамбыл облысының Кедендік бақылау департаментінде (ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті) инспектор, аға инспектор, анықтаушы, аға анықтаушы лауазымдарында қызмет етті. 2010 жылдың қыркүйегінен қарашаға дейін Астана қаласының Сот актілерін орындау департаментінде сот орындаушы болып жұмыс істеді. 2012 жылдың ақпаннан қыркүйекке дейін Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотының кеңсесінде сот отырысының хатшысы — бас маманы қызметін атқарды (ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті). 2012 жылдың қазанынан желтоқсанға дейін Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып жұмыс істеді. 2012 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың тамызына дейін ҚР Әділет министрлігінің Ақмола облысы сот актілерін орындау Департаментінің Бурабай ауданының аумақтық бөлімінде мемлекеттік сот орындаушы қызметін атқарды. 2014 жылдың мамырынан 2015 жылдың қарашасына дейін Астана қаласы Әділет департаментінің Есіл аудандық аумақтық бөлімінде сот орындаушысы болып жұмыс істеді. 2015 жылдың қарашасынан 2020 жылдың қазанына дейін Астана қаласы Әділет департаментінің Есіл ауданы аумақтық бөлімінің басшысы — аға сот орындаушысы болды. 2020 жылдың қазанынан 2022 жылдың маусымына дейін Павлодар облысы Әділет департаментінің Павлодар қаласы сот актілерін орындау аумақтық бөлімінің басшысы — аға сот орындаушысы қызметін атқарды. 2022 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

    Атқарушылық құжаттарды орындау
    Басқарма басшысы

    Бос орын Бос орын

    Павлодар облысы Әділет департаменті Екібастұз қаласының ауданаралық әділет басқармасының бастығылодарской области

    Басқарма басшысы

    Бос орын Бос орын

    Павлодар облысы әділет департаменті Ақсу қаласының ауданаралық әділет басқармасының бастығы

    Басқарма басшысы

    Бос орын Бос орын

    Павлодар облысы әділет департаментінің Ақтоғай ауданаралық әділет басқармасының бастығы