Саменкулов Айдын Мухамеджанович

    Павлодар облысы Әділет департаменті басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл

    Саменкулов Айдын Мухамеджанович
    Заместитель руководителя

    Саменкулов Айдын Мухамеджанович

    Павлодар облысы Әділет департаменті басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл

    Өмірбаян

    Айдын Мұхамеджанұлы, 1984 жылы 1 шілдеде Жамбыл облысы Т.Рысқұлов (бұрынғы Луговой) ауданының Еңбекші ауылында дүниеге келген.

    2001–2005 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы академиясында «Кеден ісі» мамандығы бойынша білім алып, қызмет өткерді.

    2010 жылы Қазақстан-Ресей университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

    2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша аяқтап, «Әлеуметтік білімдер магистрі» дәрежесі берілді.

    2025 жылдың қараша айында Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында орналасқан Брюссель Еркін университеті (Vrije Universiteit Brussel) жанындағы Брюссель дипломатиялық академиясында (Brussels Diplomatic Academy) дипломатия бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп, сәтті аяқтады.

    Еңбек жолы

    2001–2005 жылдары Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды.

    2005 жылдың қазанынан 2008 жылдың қазанына дейін Жамбыл облысының Кедендік бақылау департаментінде (ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті) инспектор, аға инспектор, анықтаушы, аға анықтаушы лауазымдарында қызмет етті.

    2010 жылдың қыркүйегінен қарашаға дейін Астана қаласының Сот актілерін орындау департаментінде сот орындаушы болып жұмыс істеді.

    2012 жылдың ақпаннан қыркүйекке дейін Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотының кеңсесінде сот отырысының хатшысы — бас маманы қызметін атқарды (ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті).

    2012 жылдың қазанынан желтоқсанға дейін Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып жұмыс істеді.

    2012 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың тамызына дейін ҚР Әділет министрлігінің Ақмола облысы сот актілерін орындау Департаментінің Бурабай ауданының аумақтық бөлімінде мемлекеттік сот орындаушы қызметін атқарды.

    2014 жылдың мамырынан 2015 жылдың қарашасына дейін Астана қаласы Әділет департаментінің Есіл аудандық аумақтық бөлімінде сот орындаушысы болып жұмыс істеді.

    2015 жылдың қарашасынан 2020 жылдың қазанына дейін Астана қаласы Әділет департаментінің Есіл ауданы аумақтық бөлімінің басшысы — аға сот орындаушысы болды.

    2020 жылдың қазанынан 2022 жылдың маусымына дейін Павлодар облысы Әділет департаментінің Павлодар қаласы сот актілерін орындау аумақтық бөлімінің басшысы — аға сот орындаушысы қызметін атқарды.

    2022 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

    Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері