Абай облысы Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi; азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады; салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

    Ақпарат

    Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округінің 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасы туралы

    Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 91 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округінің 2027-2029 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1)кірістер – 47 071,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 12 455,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; арнаулы түсімдер - 0,0 мың теңге; трансферттердің түсімі – 34 616,0 мың теңге; 2) шығындар – 47 071,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге; соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; 5) бюджет (профициті) тапшылығы – 0,0 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –0,0 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге; бюджет қаражаттарының пайдаланылатын бос қалдықтары – 0,0 мың теңге. 2. Осы шешім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жарияланды: