Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округінің 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасы туралы

    Абай облысы Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің аппараты

    Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 91 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округінің 2027-2029 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1)кірістер – 47 071,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 12 455,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; арнаулы түсімдер - 0,0 мың теңге; трансферттердің түсімі – 34 616,0 мың теңге; 2) шығындар – 47 071,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге; соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; 5) бюджет (профициті) тапшылығы – 0,0 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –0,0 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге; бюджет қаражаттарының пайдаланылатын бос қалдықтары – 0,0 мың теңге. 2. Осы шешім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.