Абай облысы Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына,Қазақстан Республикасының Призиденті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне және қолданыстағы заңнамаға,сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Әкімдік туралы

    Тиiстi әкiмшiлiк - аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым - қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

    🔊 Эколог күніне арналған іс-шаралар АНОНСЫ ⚜️Жыл сайын 5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі. Қазақстанда бұл күн Эколог күні ретінде мерекеленеді. Аталған мереке 1972 жылы қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару және табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында БҰҰ бастамасымен бекітілген. 🌱 Эколог күніне орай Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республика көлемінде бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. ✅ 4 маусым күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Таза Қазақстан» бастамасының іске асырылу нәтижелері, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою және қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін дамыту мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді. 🌐 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

    5 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — ортақ міндетіміз

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — ортақ міндетіміз ​Қазіргі таңда еліміздің басты мақсаттарының бірі — әділетті, ашық және құқықтық қоғам құру. Бұл жолдағы ең үлкен кедергілердің бірі, мемлекеттің дамуын тежейтін кесел — сыбайлас жемқорлық екені жасырын емес. Мемлекет басшысы атап өткендей, жемқорлықпен күрес — тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың міндеті. ​Науалы ауылдық округі әкімдігі үшін де бұл мәселе — әрқашан басты назарда. Біздің негізгі мақсатымыз — ауыл тұрғындарының мемлекеттік органға деген сенімін нығайту және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» (нөлдік төзімділік) ахуалын қалыптастыру. ​Ашықтық пен қолжетімділік — басты қару ​Жемқорлықтың алдын алудың ең тиімді жолы — жұмыстың ашықтығы (транспаренттілік). Осы бағытта ауылдық округте бірнеше маңызды қадамдар жасалып жатыр: ​Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру: Қазіргі уақытта көптеген анықтамалар мен қызмет түрлері электронды форматқа ауыстырылды. Бұл азаматтар мен маманның арасындағы тікелей байланысты азайтып, жемқорлық тәуекелдерін толық жояды. ​Бюджеттің ашықтығы: Ауылды дамытуға, абаттандыруға бөлінген әрбір теңге мақсатты түрде жұмсалып, оның есебі тұрғындар алдында ашық көрсетіледі. ​Кері байланыс: Әкімдіктің есігі әрбір тұрғын үшін ашық. Біз азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын уақытылы тыңдап, заң шеңберінде шешуге тырысамыз. ​Ішкі бақылау және жауапкершілік ​Әкімдік аппаратының қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау бойынша тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Әрбір маман өз міндетін атқару барысында заңдылықты басшылыққа алуы тиіс. Заң алдында бәрі тең, сондықтан өз өкілеттілігін асыра пайдалануға немесе заңсыз әрекеттерге баруға ешкімнің құқығы жоқ. ​Есіңізде болсын: Тәртіп пен заңдылық — ауылымыздың берекесі мен дамуының кепілі. ​Құрметті Науалы ауылының тұрғындары! ​Сыбайлас жемқорлықпен күресте тек әкімдіктің ғана жұмысы жеткіліксіз. Егер сіз қандай да бір заңсыздыққа, құқық бұзушылыққа немесе әділетсіздікке тап болсаңыз, үнсіз қалмауыңызды сұраймын. Өз құқығыңызды қорғау арқылы сіз бүкіл ауылдың, болашақ ұрпақтың таза қоғамда өмір сүруіне үлес қосасыз. ​Біз тек бірлесе отырып, ашық, әділетті және жемқорлықтан ада Науалы ауылдық округін құра аламыз! ​Құрметпен, Науалы ауылдық округінің әкімі

    5 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ҚҰТТЫҚТАУ

    Құрметті аналар, апалар, аяулы әпке-сіңлілер, ардақты жеңге-келіндер! Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – отбасының берекесі, шаңырақтың шуағы, өмірдің көркісіздер. Мейірім мен нәзіктіктің, сабыр мен даналықтың символы болып, әрдайым айналаңызға жылулық сыйлап келесіздер. Сіздердің ақ жүректеріңіз, мейірімді сөздеріңіз бен қамқорлықтарыңыз әр шаңыраққа қуаныш пен береке әкеледі. Осы тамаша мерекеде сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілейміз. Әр күніңіз қуанышқа толы болып, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Армандарыңыз орындалып, өмір жолдарыңыз әрдайым бақыт пен сәттілікке толы болсын! Көктемнің шуақты мерекесі сіздерге тек жақсылық пен қуаныш сыйласын. 8 Наурыз мерекесі құтты болсын! 🌸💐

    7 наурыз 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

     Жұмыс беруші қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті ме?

    Жауап

    Иә, жұмыс беруші қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші: жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге; қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама және оқыту жүргізуге; жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге; жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізуге; медициналық тексеруден немесе нұсқамадан өтпеген тұлғаларды жұмысқа жібермеуге; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және есепке алуға міндетті. Қызметкер өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы. . http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000414#z181

    Сұрақ

    Зейнеткерлік жасқа жеткен, өзін-өзі күте алмайтын қарттар қайда жүгіне алады?

    Жауап

    Зейнеткерлік жасқа жеткен, өзін-өзі күте алмайтын қарт адамдар Қазақстанда келесі мекемелерге жүгіне алады: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Аудан/қала әкімдігі жанында) Олар: Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге (соцработник) Арнаулы әлеуметтік қызметтерге Қарттар үйіне (стационарлық мекеме) Күндізгі орталықтарға жолдама береді Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) Азаматтарға арналған үкімет Мұнда: Мүгедектік рәсімдеу Жәрдемақы тағайындау Әлеуметтік төлемдерге өтініш беру kz арқылы онлайн: Әлеуметтік қызметке өтініш Жәрдемақы рәсімдеу Кезекке тұру Қарттар үйі (Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы) Егер қарт адам: Өзін-өзі күте алмаса Жалғыз тұрса Медициналық күтім қажет болса → Стационарлық орталыққа орналастыру мүмкін. Жолдама әлеуметтік қорғау бөлімі арқылы беріледі. Медициналық ұйым Алдымен емхана: Денсаулық жағдайын анықтайды Қажет болса, мүгедектікке құжат дайындайды Қандай құжаттар керек: Жеке куәлік; зейнеткерлік куәлік; медициналық қорытынды; тұрғылықты мекенжай анықтамасы . http://adilet.zan.kz/rus/docs/K2300000224#z1845

    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін алу үшін бизнес тіркеу, кемінде бір жыл әлеуметтік бағыттағы қызмет жүргізу, әлеуметтік кәсіпкерліктің санаттарының біріне сәйкес келу және мемлекеттік реестрге енгізу үшін әкімдікке құжаттар тапсыру қажет. . https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400034677

    Сұрақ

     Көшеге немесе елді мекеннің құрамдас бөлігіне тірі адамның есімін беруге бола ма?

    Жауап

    Жоқ. Сонымен қатар ономастика жұмысының жалпы өлшемшарттарына сәйкес, адамның есімін беру қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң қаралады. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, көшелерге және басқа да географиялық нысандарға атау беру кезінде тарихи тұлғалардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет және қоғамдық өмірге ерекше үлес қосқан адамдардың есімдері беріледі. Көп жағдайда мұндай атаулар адамның қайтыс болғанынан кейін ғана қаралады. Себебі оның қоғам алдындағы еңбегі уақыт өте тарихи тұрғыдан бағаланады. . http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z930004200_#z6

    Сұрақ

     Мемлекеттік гранттарды қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік гранттар мемлекеттік орган арқылы өңірлік үйлестірушілер (Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы) арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу конкурстарының нәтижелері бойынша беріледі. Гранттар мемлекеттік қолдау мен бизнесті дамыту бойынша «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында беріледі. Конкурсқа қатысушылар ретінде жаңа кәсіпкерлікті бастайтын, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан азаматтар қатыса алады, олар өздерінің бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін барлық қажетті құжаттарды толық көлемде ұсынуы тиіс. Конкурс жылына кемінде екі рет өткізіледі, егер бюджет қаражаты болса. Өтінімдер қабылдау мерзімі мен орны конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі конкурс өткізу туралы хабарландыруды облыстық аймақтық баспа басылымында жариялайды. Бір кәсіпкерге арналған мемлекеттік гранттың мөлшері 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін болады.

    Сұрақ

     Мақсатты әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалады?

    Жауап

    Мақсатты әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалады (төлем өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады), барлық отбасы мүшелері үшін, кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық ретінде (кедейлік шегі – 70% тұрмыс деңгейінің минимумынан, яғни 23 112 теңге); Мақсатты әлеуметтік көмек алу құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтындар.

    Жоба

    Үржар аудандық маслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 31-639/VIII «Үржар ауданы Науалы ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Үржар аудандық маслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 31-639/VIII «Үржар ауданыНауалыауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің91бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Үржар ауданыНауалыауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1)кірістер – 257 386,6 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 24 024,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; арнаулы түсімдер - 0,0 мың теңге; трансферттердің түсімдері–233 362,6 мың теңге; 2) шығындар –260 183,3 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге; соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; 5) бюджет (профициті) тапшылығы – -2 796,7 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -2 796,7 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –2 796,7 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге; бюджет қаражаттарының пайдаланылатын бос қалдықтары – 2 796,7 мың теңге. 2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Үржар аудандық мәслихатының төрағасыА.Омаров Үржар аудандық мәслихатының 2026 жылғықыркүйектегі №/VIII шешіміне қосымша Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы26 желтоқсандағы №31-639/VIIIшешіміне 1 қосымша Үржар ауданыНауалы ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджеті Санаты Барлық кірістер (мың теңге) Сыныбы Iшкi сыныбы Атауы 1 2 3 4 5 I. Кірістер 257 386,6 1 Салықтық түсімдер 24 024,0 01 Табыс салығы 12918,0 2 Жеке табыс салығы 12 918,0 04 Меншiкке салынатын салықтар 10 663,0 1 Мүлiкке салынатын салықтар 269,0 3 Жер салығы 34,0 4 Көлiк құралдарына салынатын салық 9 130,0 5 Бірыңғай жер салығы 1 230,0 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар 443,0 3 Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер 443,0 2 Салықтық емес түсiмдер 0,0 06 Басқа да салықтық емес түсiмдер 0,0 1 Басқа да салықтық емес түсiмдер 0,0 3 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0,0 01 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату 0,0 1 Мемлекеттік мекемелерге бекітілгенмемлекеттік мүлікті сату 0,0 4 Арнаулы түсімдер 0,0 01 Арнаулы түсімдер 0,0 1 Арнаулы түсімдер 0,0 5 Трансферттер түсімдері 233 362,6 02 Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 233 362,6 Функционалдық топ Барлық шығындар(мың теңге) Кіші функция Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бағдарлама Атауы 1 2 3 4 5 6 II. Шығындар 260 183,3 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 46 704,0 1 Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар 46 704,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 46 704,0 001 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 46 504,0 022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 200,0 06 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 0,0 2 Әлеуметтiк көмек 0,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 0,0 003 Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету 0,0 9 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер 0,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 0,0 026 Жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету 0,0 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 6 230,3 3 Елді-мекендерді көркейту 6 230,3 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 6 230,3 008 Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру 4 941,0 009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 1 031,0 011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 258,3 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 69,0 1 Мәдениет саласындағы қызмет 69,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 69,0 006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау 69,0 12 Көлiк және коммуникация 207 178,3 1 Автомобиль көлiгi 207 178,3 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 207 178,3 013 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 207 178,3 14 Борышқа қызмет көрсету 0,0 1 Борышқа қызмет көрсету 0,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 0,0 042 Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету 0,0 15 Трансферттер 1,7 1 Трансферттер 1,7 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 1,7 043 Бюджеттік алып коюлар 0,0 044 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару 0,0 048 Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару 1,7 051 Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 0,0 III. Таза бюджеттік кредиттеу 0,0 Бюджеттік кредиттер 0,0 6 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0,0 01 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0,0 1 Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 0,0 IV. Қаржы активтеріменоперациялар бойынша сальдо 0,0 Қаржы активтерін сатып алу 0,0 7 Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0,0 V. Бюджет тапшылығы (профициті) -2796,7 VI. Бюджеттің мұнайға қатыстыемес тапшылығы (профициті) -2796,7 VIІ. Бюджет тапшылығын каржыландыру(профицитін пайдалану) 2796,7 Қарыздар түсімі 0,0 8 Қарыздар түсімдері 0,0 01 Мемлекеттік ішкі қарыздар 0,0 2 Қарыз алу келісім-шарттары 0,0 16 Қарыздарды өтеу 0,0 1 Қарыздарды өтеу 0,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 0,0 054 Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен бөлінген нысыналы мақсатқа сай пайдаланылмаған кредиттерді қайтару 0,0 055 Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару 0,0 056 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу 0,0 9 Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары 2 796,7 01 Бюджет қаражаты қалдықтары 2 796,7 1 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 2 796,7

    Жарияланды:
    Ереже

    Ереже

    Жарияланды:
    Заң

    Денсаулық туралы

    Жарияланды:
    Заң

    Ветеринария туралы

    Жарияланды:
    Заң

    Мәдениет туралы

    Жарияланды:
    Заң

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ.

    Жарияланды: